Республикалық марафон жалғасын тапты

    «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатаң күшейту».

                                 Н.Ә. Назарбаев
Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы
                                 Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты Приозерск гарнизоны орналасқан Қарағанды облысының Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық «Адал жол – Честный путь» марафонының облыс төңірегіндегі эстафетасы өз жалғасын тапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сатылмаушылық және адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған марафон эстафетасын қала тұрғындары Балқаш қаласынан қабылдап алған болатын. Аталған игілікті    іс-шараны жүзеге асыруда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімі жеке құрамының белсенділік танытқанын атап өткен жөн.

    Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды осы дерттен аулақ жүруге шақыру. Іс-шара барысында Приозерск қалалық әкімдігі аппаратының бір топ өкілдері 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесуді ашқан бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор С.С. Юсупов: «Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. Жемқорлық – бұл бүкіл қоғамға қауіп төндіріп тұрған, ұлттық мәселеге дейін көтерілген әрекет. Әлбетте, ол елдің толыққанды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға кедергі келтіреді. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру біздің ортақ парызымыз болып табылады», - дегенді алға тартты. Сонымен қатар осы кездесуде қалалық әкімдігі аппаратының бастығы А.Н. Исатаев, қалалық әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекшісі

С.Ш. Орақбаева және Приозерск қаласының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ұ.А. Алмас сөз сөйледі.

    Қалалық «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының залында республикалық «Адал жол – Честный путь» марафонының облыс төңірегіндегі Приозерск қаласында өткен эстафетасы кезеңінің қорытындысы жасалды. 06708 әскери бөлімі жеке құрамының жоғары белсенділік танытқаны үшін бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор С.С. Юсуповқа   қала әкімі Қ.А. Камзиннің қолынан Алғыс хат табыс етілді. Келесі кезекте республикалық «Адал жол – Честный путь» марафонының Қарағанды облысы төңірегіндегі эстафетасы аталған облысқа қарасты Шет ауданының жұртшылығына салтанатты түрде табыс етілді.

    Сыбайлас жемқорлық дерті дәрі беріп емдей салатын сырқат емес. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғайып кетпеуіне жол бермеу үшін бір кісідей атсалысып қарсы күресуге шақырамыз!

 

                                                  ҚР ҚК азаматтық персоналы   Т. Кенжебеков

                                                                         06708 әскери бөлімі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"