Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ант қабылдау рәсімі өткізілді

Қыркүйек айының оны күні Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. Институт басшысы генерал-майор Қайрат Әнуарбекұлы Садықовтың басшылығымен өткізілген отансүйгіштік рухтағы айтулы іс-шара республиканың түпкір-түпкірінен келген ата-аналар мен курсанттарды ерекше әсерге бөледі.

Тәуелсіз еліміздің бейнесін айшықтайтын Әнұранмен ашылған іс-шара адам жанын тебірентіп, бойыңа Отанға деген қадір, құрмет пен ыстық сүйіспеншілік ұялататып, патриотық рухты көтеретін мерекелік көңіл күй сыйлады. Ант қабылдау рәсімінде 1-курсқа қабылданған курсанттар келешекке жалынды жігермен қадам басып, Отан алдындағы азаматтық борыштарын адал антпен айшықтады. Сап түзеген курсанттар, рухты әуен, жіптей тізіліп, бір сәтте ширақ бірдей қимылдаған өнегелі көрініс көз алдымызға ел мен жер тағдыры үшін жанын пида ететін жауынгерлерді еске түсірді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүгінгі таңдағы негізгі басымдықтардың бірі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін әрдайым тілге тиек етіп келеді. Әскери ант – сап түзеген әрбір жас курсанттың өміріндегі ерекше әрі маңызды рәсім. Аз уақыттың ішінде әскери тәртіпке үйреніп қалған жас курсанттар жауапты сәтте толқығандарын да жасыра алмады. Жас курсанттар – елінің, туған жерінің тыныштығы мен Қазақстан халқының қауіпсіздігін қорғауға серт беріп,  жігерлі жауапкершілікті сезінді.

Ант қабылдаған курсанттар сапта жүру тәртібін көрсетті. Енді олар оқу үдерісі барысында бес жыл бойы әскери қызметтің қыр-сырына қанығады. Себебі, ант қабылдау рәсімі – курсанттардың болашақтағы әскери өмірі мен ар-намысының көрсеткіші. Олар оқу барысында  әскери темірдей тәртіпке бойұсынып, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, қоғамның іргетасын қалайтын жеке тұлға болып қалыптасады. Осылайша, қоғамға, қоршаған ортаға елжандылығымен әрі  адалдығымен, батылдығымен үлгі болулары қажет. Отанға адал болуға ант бергендердің бәрі қиыншылықтарды табандылықпен өтеуге дайын екендігін көрсетті. Рәсім кезінде курсанттардың жүзінен болашақта әскери қызметті жауапкершілікпен адал өтеуге дайын екенін  көруге болады, себебі олар өздеріне зор сеніммен қарайтынын бірден білдірді. Аталмыш салтанатты кеште институт басшысы генерал-майор Қ.Садықов мырза салтанатты түрде ант қабылдаған курсанттарға ақ жол тілеп, құттықтау сөзін арнады. Аталмыш кешке арнайы шақырылған қонақтар да жүрек-жарды тілектерін жолдап, белгілі қазақ эстрадасының жұлдызы Лұқпан Жолдасов әуелете ән шырқап, рәсімнің көркін аша түсті.

Алаңға жиналған  курсанттардың ата-ана, туған-туыстарының жүздерінен көптен күткен қуаныш пен шаттықтың және өз балаларына деген сағыныштың белгісі анық байқалады. Осы уақыт аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен келген курсанттар сапқа тұрудан бастап, ел тыныштығын сақтаудағы маңызды іс-шараға бейімделіп, шыңдала түскендігі анық байқалады. Салтанатты шара шымылдығы жас сарбаздардың шеруімен жабылды. Қорыта айтқанда, отансүйгіштік рухты көтеріп,  елжандылыққа үндейтін ант қабылдау рәсімі әрбір жүректе терең із қалдырып, Отанға деген сүйіспеншілікті еселей түсті деп ойлаймын.

Санжар БАҚДӘУЛЕТОВ
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"