Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері күні

13 қараша – радиацилық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері күні. Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қазіргі әскердің тарихы 1918 жылы алғашқы химиялық қызметтің пайда болуымен тығыз байланысты.

1992 жылы тамыз айында химиялық әскер радиацилық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері болып өзгертілді. РХБ қорғаныс әскері химиялық, радиациялық және биологиялық қарулардың зақымдаушы факторларынан халық пен Қарулы Күштердің жеке құрамын қорғау сынды тапсырмаларды шешуге қауқарлы. Әскери және бейбіт күнде олар  радиациялық, химиялық және биологиялық қауіп төндіретін жағдай салдарын ликвидацияға тартылуы мүмкін. Бүгінгі таңда әскер қару-жарағының құрамында қолданыста бар заманауи техникалардың бірі ТОС-1А «Солнцепек» ауыр оқ атқыш жүйесі. Ол жеңіл құрышпен қапталған техниканы істен шығаруға, мекеме, құралдар мен ашық алаңдағы және фортификациялық құрылыстарда қарсыластың күшін жоюға қабілетті. Сонымен қатар әскер төңіректегі жағдай жайындағы ақпарат, анализ, және бағалауды жедел өңдейтін, тәуекел аумағын бейнелейтін және штабтағы жіберетін және зақымдалған ақпаратты жедел өңдеу үшін РАСТ-2KZ есептеу-талдау станциялары қолданылады. Сондай-ақ АРС-14 KZ авто-құю станциялары қару-жарақты, әскери техниканы, көлік құралдарын, жерлерді газсыздандыру, дезактивациялау және дезинфекциялау, бүркемелеу аэрозольдік шымылдығын құру үшін қажет. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімі мен бөлімшелері жоспарлы түрде жаңа, тиімділігі жоғары барлау құралдарымен, жеке және ұжымдық қорғаныс, байқау және бүркемелеу техникалық құралдарымен, оқшашарлық-өртегіштік құралдармен жабдықталып тұрады. Әскери қызметшілердің өздері де ҚР Қарулы күштерінің оқу орталықтарында жүйелі түрде радиацялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері мамандарына арналған дайындық курстары өткізіліп, Қазақстан және шет елдегі түрлі оқу-жаттығуларға белсенді қатысады.  


 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"