ҚР Қорғаныс министрі Қазақстанда өтетін Армия халықаралық ойындарының шымылдығын ашты

Бүгін, 2 тамызда «Гвардейск» полигонында Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан өз жерінде армия ойындарын алғаш рет өткізуде. Ойын бағдарламасы секілді ашылу рәсімі де көзтартар және бірегей.

ҚР Қорғаныс министрлігі оркестрінің салтанатты маршымен АрМИ-2016 додасының туы көтерілді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жарыстың ресми басталуының шымылдығын түрді. «Армия ойындарының өткізілу ауқымын кеңейтетін алғашқы болғанымызға қуаныштымыз. Сайыс пішімінде өз армиясы артиллериясының үздік өкілдері мен мергендік оқ ату шеберлері баға жетпес тәжірибелерімен бөлісіп және иық тіресе додаға түсіп, достық қарым-қатынастарын нығайтып, сондай-ақ, әскери ынтымақтастықты дамыту жөніндегі әрі қарайғы жоспарды белгілеп қоятындарына кәміл сенімдімін. Сіздерге адал және ымырасыз күрес, дәйекті төрешілік, жақсылық және бейбітшілік тілеймін!», - деп қатысушыларға ізгі лебізін білдірді. Ойынның ашылу бағдарламасының өзгешелігі театрландырылған қойылым болды. Би ұжымдары, актерлар, атты-каскадерлік топ пен әскери қызметшілердің орындауындағы қойылым қазақ атқыштарының пайда болу тарихы мен мән-мағынасы туралы сыр шертті. Ғаламатты ашылу рәсімі қазақстандық десантшылардың әуедегі шоуымен жалғасын тапты. Ал шетелдік қонақтар мен қатысушыларды Ұлы дала елімен таныстыру үшін полигонның аумағында дәстүрлі тұрмыс, қолданбалы өнер және ұлттық дәмнен ауыз тиюге болатын нағыз этноауыл өрістетілді. АрМИ-2016 шеңберіндегі «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» ірі сайыстары Қазақстанда тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында өтеді. Жарысқа қатысу үшін елімізге 12 елден командалар келді. «Мерген шебі» байқауында Қазақстан, Венесуэла, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Зимбабве, Үндістан, Иран, Моңғолия, Грекия, Арменияның әскери қызметшілері өнер көрсетеді. Үздіктер атағы үшін бақ сынасудағы артиллерияшылардың сайысында Қазақстан, Венесуэла, Қырғызстан, Қытай және Ресейдің өкілдері бәсекеге түседі. Жалпы алғанда, екі байқауға 278 адам қатысады. Яғни, 32 қазақстандық әскери қызметші және 246 шетелдік қатысушы. Армия халықаралық ойындары халықаралық ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, бейбітшілік пен ниеттестік кепілінің жаңа символына айналды. Бұл дода екінші мәрте өткізілгелі тұр. Алайда, тың сапалы және сандық деңгейге шығып отыр. Биылғы жылы ойын 3 000-нан аса әскери қызметшінің, 20 мемлекеттен, яки, Азия, Еуропа, Африка мен Латын Американың 120-ға жуық армия командаларының басын біріктірді. Далалық, әуе және теңіз машығы бойынша 23 байқау бір уақытта Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында өтуде және Балтық, Қара және Каспий теңіздерінің су айдындарында өрістетілуде. Келесі жылы Армия халықаралық ойындары бағдарламаларының ауқымы ұлғаяды. Қазақстандағы АрМИ ойындарының тың жаңа жарыстары қосылады. Бұл броньдалған автомашиналардағы ралли және әйел әскери қызметшілер арасындағы көпсайыс.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"