Қытайда әскери оркестрлердің бесінші халықаралық фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі 2017 жылғы қыркүйектің 24-і мен 29-ы аралығында Қытай Халық Республикасының Наньчан қаласында өтетін әскери оркестрлердің бесінші халықаралық фестиваліне қатысады.

Әскери оркестрлердің фестивалі Наньчан көтерілісінің 90 жылдығы мен Қытай ұлт-азаттық армиясының (ҚҰАА) құрылуына орай ұйымдастырылған он екі мерейтолық іс-шараның ішінде соңғы салтанат болып табылады. Аталмыш шара Наньчан ұлттық үкіметі және қытайлық музыканттар одағы үрмелі оркестрлерінің ассоциациясымен ұйымдастырылды.

Мұндай алғашқы фестиваль Наньчанда 2006 жылы өтті. Оған әлемнің 16 елінен 5 мыңға жуық әскери музыкант, оның ішінде, 19 шетелдік әскери оркестр қатысты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі биылғы жылы бұл байқауға екінші рет қатысып отыр. Фестиваль мәртебесінің артуына байланысты ол әртүрлі елдердің әскери музыканттары арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңдардың біріне айналды.

Еліміздің әскери музыканттарынан басқа фестивальға Аустралия, Мысыр, Иьлаия, Канада, Қазақстан, Мексика, Жаңа Зеландия, Ресей, АҚШ, Украина, Швецияны қоса есептегенде 11 елдің әскери оркестрлері қатысады. Бүгінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери музыканттарының дайындық деңгейі жеткілікті жақсы деңгейде, әскери оркестрдің жеке құрамы халықаралық фестивальдардың тұрақты қатысушылары болып табылатынын айта кету қажет.

Әр жыл сайын оркестр көпшілікке танылып жүр. Орталық әскери оркестр әскерлер парадына, сондай-ақ республикамызда өтетін барлық қоғамдық маңызды іс-шараларға, «Әскери керней», «Труба мира», "Спасская башня"  «Астана самалы» секілді халықаралық фестивальдарға ұдайы қатысып отырады. Сәтті және қажырлы еңбектің арқасында ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі мемлекетіміздің үздік шығармашылық ұжымдарының бірі болып танылды. Ол өміріміздің ажырамас мәдени факторына, Армияның ғана емес, сонымен бірге, еліміздің нышанына айналды. Әскери оркестрлердің музыкасы жауынгерлердің жауынгерлік рухын ұстап тұру үшін үлкен мәнге ие екенін айта кету қажет. Себебі, одан шабыт және керемет сергектік қуат бастау алады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"