Қытай авиакорпорациясы Қазақстанға ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізеді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қытай мемлекеттік авиациялық корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың ҚХР әскери-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бас директордың орынбасары Ли Юйхай мырзаның басшылық етуімен AVIC  қытай мемлекеттік авиациялық корпорациясының өкілдерімен кездесуінде авиациялық саладағы ағымдағы жағдай мен ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды.

Оның ішінде, ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін әскери-көлік авиациясының ұшақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізіп беру мүмкіндігі талқыға салынды.  Екі елдің өкілдері Астана қ. авиациялық-техникалық орталығының базасында техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. 

Әскери секторда AVIC корпорациясы жойғыш және әскери-көлік авиациясының ұшақтарын,  оқу және оқу-жаттықтыру ұшақтарын, сондай-ақ, авионика, ҰҰА, пилотаждық тренажерлар мен өзге де әскери өнімді шығаруда мамандандырылып жатқанын айта кетейік. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"