Құрметті қарулы күштер ханымдары! / Дорогие женщины!

Сіздерді өз атымнан және Қарулы Күштердің ер-азаматтары атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

От имени всего личного состава Вооруженных Сил и от себя лично поздравляю вас с Международным женским днем 8 марта.

Ізгілік пен мейірімділіктің нышаны болып табылатын 8 наурыздың шуақты күн сәулесімен жер беті жылынып, табиғат оянатын көктемнің алғашқы күнімен қатар мерекеленуі бекер емес. Еліміздің Қарулы Күштерінде адамзаттың нәзік те сымбатты өкілдерінің алатын орны ерекше. Бүгінгі күні әртүрлі мамандық иесі 7379 әскери қызметші ару ер-азаматтармен қатар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, армияның жауынгерлік әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді.

АЯУЛЫ АРУЛАР!

Сіздер Қарулы Күштердің барлық саласында аянбай қызмет етудесіз. Ер-азаматтар меңгерген барлаушы, десантшы, мерген, әскери ұшқыш мамандығын біліктілікпен атқарудасыз. Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты әскери қызметші қыздар қызметтік міндеттерін орасан зор жауапкершілікпен атқарады. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған.

Офицер әйелдер қатары жыл сайын көбеюде. Он жыл бұрын Қарулы Күштерде 750 офицер әйелдің 4-уі полковник болса, ал бүгін – 913 офицердің 20-сы полковник әскери атағында. Штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде төрт әскери қызметші әйел Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Сахарадағы және Ливандағы миссияларына қатысты. 8 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Қарарының 20 жылдығына орай бүкіл әлем бойынша дипломатиялық миссиялар желісі арқылы бітімгер әйелдерді қолдау науқаны өтеді. Олар қарулы жанжалдар құрбандарының осал топтарымен жұмыс істеу үшін арнайы топтар Female engagement team құрамында ерекше гуманитарлық миссияны орындайды. Еліміздің тарихы да аналарымыздың қайсарлығы туралы оқиғаларға толы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Қарасай батырдың қызы Есенбике, Бұланбай батырдың қызы Айбике сынды арулар туған жерінің әрбір сүйемі үшін жанқиярлықпен шайқасқан.

ҚАДІРЛІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ АРДАГЕР ӘЙЕЛДЕРІ!

Сіздер күрделі міндеттерді еңсерумен қатар бойыңыздағы табиғи нәзіктікпен отбасында береке-бірлікті сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлесіз. Әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс қызметін ерекше атап өткім келеді. Олар командирдің әскери тәртіпті сақтау, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жалпы моральдық-психологиялық жай-күйін қолдау ісіндегі көмекшісі болып табылады. Әскери қызметшілердің сенімді серігі болған жарларына да ерекше алғыс білдіремін. Біз, ер-азаматтар, отбасының ұйытқысы болғаныңыз, мейірімділігіңіз бен қамқорлығыңыз үшін қарыздармыз. Әйел затына тән қасиеттер ер-азаматтың күш-жігерін арттырып, кез келген қиындықты жеңуде қуат береді, өмірімізді жарқын әрі шуақты етеді. Отан алдындағы қасиетті борышын адал өткеріп жүрген Отан қорғаушыларымыздың аналарына да шын жүректен ризашылық білдіремін. Әйел даналығы мен қамқорлығы, еңбекқорлығы мен кез келген қиындыққа төзе білу қасиеті Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту ісінде маңызды фактор болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ АРУЛАР!

Сіздер – отбасында ардақты  ана, аяулы  жар, қызметте білікті мамансыздар. Мерекелеріңізбен құттықтай  отырып, зор денсаулық, отбасыңызға шаттық, құт-береке тілеймін. Осынау шуақты мереке көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді  жырға бөлесін!




Символично, что первый весенний праздник, наполненный солнечным светом, вдохновением и пробуждением природы, посвящен именно вам – всем тем, кто олицетворяет собой жизнь, является источником красоты и мудрости.

Вооруженные Силы нашей страны сложно представить без того вклада, который вносят представительницы прекрасного пола.

Сегодня 7379 женщин военнослужащих разных профессий наряду с отцами и мужьями, братьями и сыновьями укрепляют обороноспособность нашей страны и поддерживают боеспособность армии.

Вы служите во всех видах Вооруженных Сил и родах войск.

Ваш труд чрезвычайно важен и значим. Сегодня вы представляете даже такие специальности, которые прежде считались
сугубо мужскими: снайперы, разведчицы, десантники, военные летчики.

В ваших хрупких руках сокрыта великая сила.

Женщина-военнослужащий с большой самоотдачей выполняет свои служебные обязанности, создает в коллективах
атмосферу поддержки, взаимного уважения, любви и гармонии.

Число женщин – офицеров с каждым годом растет. Если десять лет назад в Вооруженных Силах насчитывалось 750 офицеров, в том числе 4 женщины имели звание полковника,
то сегодня – 913 офицеров, из них 20 полковников.

Четыре женщины в качестве штабных офицеров и военных наблюдателей приняли участие в миссиях ООН в Западной Сахаре
и Ливане.

8 марта, по случаю 20-летия Резолюции Совета Безопасности ООН, через сеть дипломатических миссий по всему миру будет проведена кампания в поддержку женщин-миротворцев.

Они выполняют особую гуманитарную миссию в составе специальных групп Female engagement team для работы с самыми уязвимыми категориями жертв вооруженных конфликтов.

История нашего народа полна событий о героических подвигах женщин.

В борьбе с джунгарами каждый клочок Родины отстаивали дочери: султана Абылая – Айтолкын, Карасай батыра – Есенбике, Буланбай батыра – Айбике.

 

Уважаемые женщины ветераны Вооруженных Сил!

Вы всегда справляетесь с самыми трудными задачами, и при этом умеете сочетать внешнюю хрупкость и внутренний стержень,
верность семье и преданность долгу, любовь к дому и Отечеству.

Особо хочу отметить службы по работе
с членами семей военнослужащих.

Они являются помощниками командиров в поддержании крепкой воинской дисциплины, общего морально-психологического состояния военнослужащих и членов их семей.

Отдельно выражаю благодарность женам военнослужащих. Мы в долгу перед вами за вашу повседневную и неустанную заботу
о доме, семье и детях. Ценности, которые олицетворяет собой женщина, помогают преодолевать любые преграды, делают нашу жизнь светлее и совершеннее.

И конечно нельзя не выразить слова искренней признательности всем матерям, чьи сыновья защищают нашу Родину. Ваши мудрость и поддержка, трудолюбие и терпение – важная составляющая обороноспособности Независимого Казахстана.

 

Милые представительницы прекрасного пола!

Пусть профессиональные успехи сочетаются с радостью материнства, личностным ростом и реализацией природного потенциала.

Пусть волшебная атмосфера праздника, наполненная свежестью первых весенних цветов, искренней признательностью и заботой ваших близких, сопровождает вас круглый год.


ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Н.Б.ЕРМЕКБАЕВ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба