Құрлық әскерлерінде байланыс бөлімшелерімен практикалық сабақтар басталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дайындық жоспарына сәйкес өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері байланыс бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен далалық сабақтар өткізілуде.

Сабақтарға барлығы 1500-дей әскери қызметші тартылды. Далалық сабақтар жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда теориялық білімді бекіту және практикалық машықты жетілдіру мақсатында өткізіледі. Байланысшы жауынгерлер өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері жүйесінде басқаруды қамтамасыз етеді, сымды, радио және жерсеріктік байланысты орнатады.

Сабақтар бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінің жанында жабдықталған бес полигонда ұйымдастырылды. Аталған пункттерде әскери қызметшілерге далалық байланыс тораптарын өрістету бойынша 20-дан аса нормативті орындауға, сондай-ақ жиіліктердің әртүрлі диапазондарында кешенді жаттығуларға қатысуға тура келеді.

Сабақтар барысында жабық режімде бейнеконференцбайланысты ретке келтіру бойынша практикалық іс-қимылдарға және әртүрлі жауынгерлік іс-қимылдарда үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету үшін жерсеріктік жүйелер арқылы топографиялық жалғаумен абоненттер арасында деректермен электрондық алмасу жөніндегі практикалық іс-қимылдарға ерекше көңіл бөлінеді. «Құрлық әскерлерінде қайта жарақтандыру, жаңа жаңғыртылған техника және қару-жарақ үлгілерімен жабдықтау жоспарлы түрде жалғасуда. Бүгінде байланыс бөлімшелері 80%-ға жаңа заманауи компьютерлендірілген байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Осының арқасында әскери қызметшілер сандық техниканы баламалы байланыс құралдарында жұмыс жасаумен салыстырғанда бес есеге жылдамырақ өрістетіп, ретке келтіреді», - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері байланыс әскерлерінің бастығы подполковник Азамат Қартабаев атап өтті. Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері және бөлімшелерімен далалық сабақтар ағымдағы жылғы 29 тамызда аяқталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"