Құрлық әскерлерінде үздік жас офицерлерге құрмет көрсетілді

2019 жылы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын бітіріп, қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген офицер-түлектерге құрмет көрсету рәсімі онлайн-режимде өтті.

Бұл – 21 жас офицер. Қарулы Күштерде қызмет еткен екі жыл ішінде олар жақсы нәтижелерге қол жеткізді, рота және батарея командирлері атанды. Жауынгерлік дәстүрге сай әскери қызметшілерге «Үздік маман командир» төсбелгілері табысталды.
Рәсімге шақырылған 3-4 курс курсанттары үшін мұндай үлгі аларлық сәттер оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тамаша жігерлендіру құралы болып табылады.
2010 жылдан бастап Құрлық әскерлерінде курсанттардың қабілеттерін анықтау және оларды кейіннен әскерлерде лауазымдарға тағайындау үшін тұрақты түрде психологиялық зерделеу жүргізілетінін атап өткен жөн. Болашақ офицерлердің көшбасшылық, моральдық ерік-күші, зияткерлік және басқа қасиеттеріне байланысты олардың әскери мансабының қалай дамитынын бақылай отырып, оларды үш санатқа бөледі. Атап айтқанда, 2019 жылғы Құрлық әскерлері Әскери институтының түлектері арасында екі жылдық қызмет қорытындысы бойынша рота командирлерінің жоғары лауазымдарына тоғыз офицер тағайындалды.
  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"