Құрлық әскерлерінің сержанттары кәсіби біліктіліктерін арттыруда

Щучинск қаласында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің рота, батарея сержанттары Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.

Бұл курстық даярлық білімді, дағдыларды және кіші командалық құрамның командирлік қасиеттерін жетілдіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар кешені болып табылады.
Оқуды ұйымдастыру барысында орындайтын лауазымдық міндеттерден бір саты жоғары лауазымды атқару үшін қажетті дағдыларды дамытып, әрі бекітуге, бағынысты жеке құраммен сабақтар өткізу кезінде әдістемелік шеберлікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
– Оқу тәмамдағаннан кейін тыңдаушыларға оқу пәндерінен сынақтар мен емтихандар кешенін тапсыруы қажет. Әр сержант теория мен практикалық жағынан бағаланатын болады. Емтиханды үздік тапсырғандарға сертификаттар беріледі, - атап өтті Әскери колледж бастығының оқу бөлімі бойынша орынбасары подполковник Роман Холод.
Оның айтуынша сержантты жоғары лауазымға тағайындау барысында жеке дайындық деңгейінің көрсеткіштері міндетті түрде ескеріледі.
Біліктілікті арттыру курстарына «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» төрт өңірлік қолбасшылықтан, сондай-ақ Зымыран әскерлері мен артиллерия және Десанттық шабуылдау әскерлерінен барлығы 40-қа жуық сержант қатысты. Аталмыш оқу ағымдағы жылдың 29 сәуіріне дейін жалғасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"