Құқық қорғау қызметін цифрландыру

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында құқық қорғау органдары мен соттарды цифрландыру көзделген. Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіріледі.

        Азаматтардың құқықтарын қорғау және жылдам әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында қылмыстық сот ісін жүргізуді кезең-кезеңмен электрондық форматқа көшіру жүргізілуде.

         Қазіргі қоғамда жаңа технологияларды қолданбай кез келген саланы жетілдіру мүмкін емес. Ақпараттандыру ғасыры барлық салалардың жұмысындағы тетіктерді өзгертуді талап етеді және қылмыстық процессте осыны қажет етеді. Бұған дейін көптеген жылдар бойы қолданылған әдістер қазіргі уақытта процесті қиындатады, ал ең бастысы-қоғамның талаптарына сай келмейді. Артық бюрократиялық рәсімдерге, созбалаңға ұшыраса, адамдар әділ наразылықты білдіреді.

         Осы жұмыс шеңберінде 5 өзара байланысты құрамнан тұратын "электрондық іс" енгізілуде: азаматтардың электрондық өтініштері, субъектілер мен тексеру объектілерінің бірыңғай тізілімі, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі, электрондық қылмыстық іс, талдау орталығы.

         Цифрландыру қылмыстық процестің заңдылығын қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы пәрменді күресті қамтамасыз ету үшін пәрменді шара болып табылады және қылмыстық процестің барлық сатыларын – қылмыстық істерді тіркеуден, тергеп-тексеруден үкімді орындағанға дейін қамтуға тиіс.
          Қойылған мақсатты іске асырудың белгілі бір нәтижелері бар. 2011-2012 жылдары Қазақстанда қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу енгізілді, ал 2015 жылдан бастап сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі іске қосылды. Бүгін оған тіркелу сотқа дейінгі тергеудің басталуы болып табылады.
           Келесі кезең электрондық қылмыстық іс болып табылады. Істерді тергеудің осындай форматының артықшылықтары даусыз, бұл оңтайландыру, дәлелдемелерді жинау және іс жүргізу құжаттарын жасау рәсімдерін оңайлату, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді төмендету, прокурорлық және сот бақылауын күшейту.

           Бүгін қылмыстық қудалау органдары істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді электрондық форматта жүзеге асырады, қылмыстық қудалау органдарын техникалық жарақтандыру және қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

           Республиканың әскери қылмыстық қудалау органдары қылмыстық процесті цифрландыру процесіне белсенді тартылған және қызметкерлер құрылған ақпараттық жүйелерді күнделікті қызметте сенімді түрде қолданады. Егер өткен жылы барлығы 43 қылмыстық іс тергелсе, ағымдағы жылдың 10 айында ғана 100 қылмыстық іс тергеп-тексерілуде. Бұл ретте, егер цифрландырудың бастапқы кезеңінде электронды форматта онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер тергелсе, онда бүгінгі күні ауыр қылмыстар туралы істер тергеліп, сотқа жіберілуде.

        ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасының Оңтүстік өңірлік бөлімі ҚР ҰҰ 5514 әскери бөлімі ротасының командирі аға лейтенант Е. К. Әбдіғапаровтың билікті асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Қарау нәтижесі бойынша кінәліге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

         Осы тергеу форматы әскери прокуратура органдарына заңдылықтың сақталуын қадағалауды едәуір жеңілдетеді.

         Әскери прокурорлар қадағалау қызметі барысында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін және сот органдарының «Төрелік» ақпараттық – талдау жүйесі ақпараттық жүйелерін біріктіру жолымен құрылған 2017 жылдан бастап жұмыс істейтін «Электрондық қылмыстық іс-Заңдылық» ақпараттық жүйесін белсенді пайдаланады.

          Жаза тағайындау кезінде прокурорлар мен судьялардың ең елеусіз қателеріне жол берілмейді, өйткені олардың әрқайсысында адам тағдыры тұр. Олар тек шағымдар туғызып қана қоймай, биліктің беделіне де нұқсан келтіреді.

          «Заңдылық» АЖ қылмыстық процестің сапасын жеңілдетуге және арттыруға, тергеушілердің, прокурорлардың және судьялардың қателіктерін азайтуға бағытталған және айыппұл мөлшерін, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау кезіндегі ерекшеліктерді немесе жазаларды қосудың дұрыс тәртібін анықтай алады. Жүйе процесті айтарлықтай жеделдетіп қана қоймай, сот өндірісінің көптеген кезеңдерінде адам факторын алып тастады, қылмыстық сот төрелігінің ашықтығы мен сапасын арттырды, тиімсіз құжат айналымын және қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау кезінде заңды бұзуға процеске қатысушылардың шағымдарының санын төмендетті.

          Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көзделген бірыңғай сот тәжірибесінің ашық электрондық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сот процесінің кез келген қатысушысы оның қызықтыратын сипаттамалары бойынша барлық сот актілерімен таныса алады. Сондай-ақ өтініштерді қарау сапасы мен нәтижесін, өтініш білдірушінің қанағаттануын бағалау жүйесін енгізу және неғұрлым кеңінен пайдалану болжанып отыр.

         Осылайша, сенімді құқықтық ортаны және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз ету үшін осы бағытта тұтас, жаһандық цифрландыру жүзеге асырылады.

 

Ақмола гарнизоны

әскери прокурорының

орынбасары

әділет подполковнигі

Е.Қ. Нұрғазинов

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи