Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Нұрлан Заңқанов пен әскери автомобильді инспекция бастығы, подполковник Құрманғазы Икімбаев жеке құрамға әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділік туралы айтты. Олар ҚР Қылмыстық кодексі пен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің ережелеріне, әскери қызметшілерге қолданатын жазаның жүйесіне тоқталды. Әкімшілік құқықты бұзған жағдайда әскерилердің қандай жауапкершілікке тартылатыны, әсіресе көлік жүргізетін әскерилерге, олардың көлік құралдарына нендей талаптар қойылатыны жеткізілді. Құқық пен қылмыс бұзушылықтарға жол бермеу жолында ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскери құрылымдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу Жоспарының орындалуына да баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер тарапынан тіркелген құқық бұзушылыққа қатысты деректер ұсынылып, заңгер көмегі де көрсетілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"