«Құмар ойындарды тоқтату» акциясының алғашқы кезеңі

«2017-2021 жылдары «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асырудың жұмыстарын жүргізу, әскери және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алдын алу шараларын арттыру мақсатында «Құмар ойындарды тоқтату» акциясы басталды

13 шілде-13 тамыз аралығына белгіленген «Құмар ойындарды тоқтату» акциясының бірінші кезеңінде әскери бөлімдер мен мекемелерде казиноға, ойын залдарына, букмекерлік кеңселерге баруға, сондай-ақ, интернет-казиноға ақша тігуге әуес, түрлі құмар ойындарға тәуелді әскери қызметшілерді анықтап, олар жайындағы мәліметпен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін басшылықты хабардар етуді көздейді. Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер-уәкілі әділет аға лейтенанты Дидар Ибраевтың ақпаратына жүгінсек, айлық барысында барлық санаттағы әскери қызметшілермен әңгімелесулер жүргізіледі. Сұхбаттасу барысында қызметтестеріне қарызы бар әскери қызметшілерге де ерекше көңіл бөлінеді. Акция барысында санитарлық-гигиеналық шаралар қатаң сақталуда.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"