«Құмар ойындарды тоқтату» акциясы

«2017-2021 жылдары «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай жоспарға сәйкес құмар ойындардың зардабын алдын ала ескерту мақсатында «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының басқармасында дәріс өтті

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының қызметкерлерімен біріккен дәріс «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының басқармасы жеке құрамының қатысуымен болды. Онда 13 шілде-13 тамыз аралығына белгіленген «Құмар ойындарды тоқтату» акциясының бірінші кезеңінде әскери бөлімдер мен мекемелерде казиноға, ойын залдарына, букмекерлік кеңселерге баруға, сондай-ақ, интернет-казиноға ақша тігуге әуес, түрлі құмар ойындарға тәуелді әскери қызметшілерді анықтап, олар жайындағы мәліметпен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін басшылықты хабардар ету көзделетіні баяндалды. Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының анықтау және іздестіру бөлімінің бастығы подполковник Ермек Толымбектің сөзіне жүгінсек, сауықтыру шарасы құқық бұзушылықтың санын азайып, әскери тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді. Айлық барысында барлық санаттағы әскери қызметшілермен әңгімелесулер жүргізілуде. Сұхбаттасу барысында қызметтестеріне қарызы бар әскери қызметшілерге де ерекше көңіл бөлінген.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"