ҚР Қорғаныс министрі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшысын таныстырды

Атырауда ҚР әскери ведомствосының басшысы Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының өкімімен «Батыс» ӨңҚ қолбасшысы лауазымына тағайындалған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшысы полковник Қаныш Әбубәкіровті таныстырды.

Қорғаныс министрі полковник Қ. Әбубәкіров өзінің тәжірибесі және жоғары кәсіби қасиеттерімен өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне қойылған тапсырмалардың тиімді орындалуына қол жеткізетіндігіне сенім білдіріп, жаңа қолбасшыға оларды шешуде табандылық пен сәттілік тіледі.
Әскери ведомство басшысы сондай-ақ бұдан бұрын Мемлекет басшысының өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымнан босатылған генерал-майор Дәулет Оспановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Қорғаныс министрінің бұйрығымен генерал Д. Оспанов ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"