ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

5 шілдеде Елорда күні қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әйел әскери қызметшілері арасындағы екінші республикалық «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқау өз өмірін әскермен байланыстыруға бел буған, олар үшін әскери қызмет жай ғана жұмыс емес, ал өмір бейнесі мен стилі болып табылатын үздік әйел әскери қызметшілерді анықтау үшін ұйымдастырылған. Биылғы жылы «Батыр арулар» байқауы екінші мәрте өткізілді. Бірақ, бұл ретте оның ауқымы мен байқауға әр елдің тұрғындары білдірген қызығушылық арта түсті. Интернет дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Индонезия, Үндістан мен Орта Азия елдерінің пайдаланушылары белсене қатысты. Екі айлық дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға рекордтық 253 875 дауыс саны берілді. Бұл ретте техникалық талаптар күшейтілді. Интернет пайдаланушылар бір IP-адрестен ғана дауыс бере алды. Нәтижесінде қазақстандық армияның үздік өкілдері анықталды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 12 жеңімпазды құттықтады. «Қазақстанның армиясында әйел әскери қызметшілер атқарып отырған лауазымдарда әскери қызметті лайықты деңгейде атқарады. Әскери қызметті өткеруі барысындағы олардың айрықша қасиеттері жауапкершілік пен адалдық болып табылады. Күрделі, қажырлы еңбекті арқалап жүрген нәзік жанды әскери қызметші арулар Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери ұжымдарына тың жаңалық пен жылулық ұялата отырып, ерлермен қатар иық теңестіріп қызмет атқарып жүр», - деді министр. Байқауға барлығы 80 әйел әскери қызметші қатысты. Олар Қазақстанның әртүрлі өңірлерін, түрлері мен әскер тектерін, әскери бөлімдерін, өңірлік қолбасшылықтары мен әскери дәрігерлер мен десантшылардан бастап музыканттар мен байланысшыларға дейін әртүрлі әскери кәсіп иелерін паш етті. Марапатқа және Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік өкілдерінің бірі атағына ие болу жолында конкурсанттар талай белестерден өтті. Қатысуға өтінім берген сәттен бастап және салтанатты рәсімге дейін олар оқ атты, барлық кедергілерді еңсерді, ұрыс машиналарын бағындырды, тіпті, арнайы тапсырманы орындауға аттанды. Енді олардың әрқайсысы «Батыр арулар» мамандандырылған күнтізбесі беттерінің сәнін келтіреді. «Әскери қызмет – бұл абырой. Мен әскери адам, оның үстіне әскери медик болғанымды мақтан тұтамын. Бұл маған екі есе жауапкершілікті жүктейді», - деп байқау жеңімпаздарының бірі ҚР ҚМ БӘКГ бет-жақ хирургиясы бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Айжан Мұсаева атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"