ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар мен әскери атақтар табыс етті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Елбасының Жарлығына сәйкес Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне мемлекеттік наградалар, мерейтойлық медальдар табыс етіп, мерзімнен бұрын әскери атақтар берді.

«Өтіп бара жатқан жыл бейбіт азаматтар болсын, еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлері үшін оқиғаларға толы және серпіні бойынша  ең жарқын, мазмұнды және жемісті жыл болды.  Нәтижесінде биылғы жылы Қарулы Күштерге жүктелген негізгі тапсырмалардың барлық кешені сәтті орындалды. Мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен әскерлердің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға қомақты үлес қосып жүрген барша жеке құрамның, сондай-ақ, өзінің ұжымы мен берілген жұмысқа шынайы ынта-шынтасымен беріліп, жаны ашитын командирлер мен бастықтардың ерен еңбегі деп білемін», - деді Қорғаныс министрі.

 Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға еліміздің тәуелсіздігінің игілігі мен өркендеуі үшін алдағы тапсырмаларды іске асыруда мықты денсаулық және сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар әскери қызметшілер ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қорғаныс ведомствосы басшысының қолынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарын алды.  

Мемлекеттік наградалар мен мерейтойлық медальдардың артынша ҚР Қорғаныс министрі бірқатар офицерлерге мерзімнен бұрын әскери атақтар табыстады. Мерекелік шара запасқа босатылған ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасының бастығы полковник Танаш Бітебаев пен ҚР ҚК Оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы полковник Есенкелді Орманбекті құттықтау рәсімімен аяқталды.   ҚР Қорғаныс министрі офицерлерге мерейтойлық медальдар мен грамоталар табыс етіп, сондай-ақ, мінсіз қызметі үшін алғысын білдірді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"