ҚР Қорғаныс министрлігінде жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы мәселелер талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиындары шеңберінде "Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қарулы шиеленістер: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін сабақ және қорытынды» тақырыбында конференция өтті.

Конференция барысында жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-әрекет жасау және заманауи «будандық» соғыс жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу аспектілері бойынша бірқатар көкейкесті мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, заңсыз қарулы құралымдар мен үкіметтік әскерлердің іс-қимыл тактикасы, авиацияны қолдану тәжірибесі, арнайы операцияларды жүргізу әдістері мен мысал ретінде Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қарулы жанжалдардағы әскери-саяси жағдайға баға беру егжей-тегжейлі қаралды.

 Қазақстанның қорғаныс ведомствосы басшысы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе, халықаралық лаңкестікке, сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты мәселелерде бүгінгі конференцияның өткізілу маңыздылығын атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"