ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери-клиникалық госпиталі сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді

Биыл он алты жылдығын атап өткен  Астанадағы ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери-клиникалық госпиталі  қашаннан Отан қорғаушыларға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.

Бүгінде 6 диагностикалық және 16 клиникалық бөлімшесі бар (оның ішінде жаңадан ашылған урологиялық, гинекологиялық және отоларингологиялық бөлімшелер бар) медициналық мекемеде астаналық гарнизондағы әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері, Қарулы Күштердің ардагерлері жаңа технологиялар бойынша жан-жақты ем қабылдайды.

Әскери қызметшілерге жоғары сапалы медициналық жәрдем көрсетуде ҚР Қорғаныс министрлігінің Астанадағы Бас әскери клиникалық госпиталы жетекші рөл атқарады.  Онда әскери дәрігерлер мен медициналық персоналдың әлеуетті құрамы жаңа үрдісте жұмыс істейді. Әскери дәрігерлердің беталысы жаман емес.  Олар ең соңғы заманауи үлгідегі техникамен жұмыс жасап жатыр. Госпиталь жоғары стандарттарға сай келетін медициналық құрылғымен жабдықталған. Құрылған күннен бастап мекеме  әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. «Госпитальдің ішінде соңғы үлгідегі заманауи аппаратурамен жабдықталған физиотерапия және емдеу дене шынықтыру бөлімшесі бар.  Емдеуіміздің ең басты артықшылығы уытты емес, ешқандай аллергия туғызбайды және тез сауығып кетуге ықпал етеді», - дейді физиотерапия және емдеу дене шынықтыру бөлімшесінің бастығы Гүлзира Оңалбаева.

Бүгінде госпитальдің әскери дәрігерлері – жоғары санатты өз ісінің жоғары білікті мамандары, ғылым кандидаттары. Олардың ішінде медициналық оқу орындарында дәріс беретіні бар.   Ай сайын олар медициналық қамтамасыз ету жүйесін және әскери медицина саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша халықаралық конгресстерге қатысып тұрады.  «Мұнда шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу өткізіледі және олар баяндама, конференциялар және талқылау түрінде өтеді. Біз халықаралық деңгейге сай болуға тырысамыз. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Бұл әскери қызметшілердің жыл сайынғы тереңдетілген медициналық тексеруден өтуімен байланысты», - дейді кардиология бөлімшесінің бастығы Анар Әлжанова.  

 Айта кетейік, кейінгі жылдары ҚР ҚМ Бас әскери госпиталінің хирургтары жаңа жоғары технологиялық әдіснамаларды қолдана отырып, жедел күрделі оталарды жасап, кәсібиліктерін танытуда.

Бұл кәсібилігін олар шетелдің ірі медициналық мекемелерімен байланыс орнатудың арқасында (Англия мен Германияда) шыңдайтындары да бар, Ресей, Украина және Үндістан дәрігерлерімен бірлескен операцияларға да қатысады. Бұдан өзге, әскери госпитальде емдеудің заманауи әдістерін енгізіп, отандық әскери медицинаның деңгейін арттыра отырып, әріптестерімен тәжірибе алмасады. Қазіргі уақытта әскери госпитальдің хирургтары диагностиканың, хирургиялық және консервативтік емдеудің жаңа әдістерін зерделеуде.

Әскери денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы әскери медицина жұмысының сапасын жетілдіруге және әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков