ҚР Қорғаныс министрі Шымкент және Арыс гарнизондарын тексерді

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Шымкент және Арыс гарнизондарының құрамалары мен бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс барысында әскери ведомство басшысы жаңа оқу жылындағы ағымдағы жағдай мен жауынгерлік даярлық барысы туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады.

 Тексеру шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі гарнизондардың техникалық жабдықталуын мұқият зерделеп, инфрақұрылымды дамыту мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударды. Одан басқа, ведомство басшысы Арыс қаласындағы техникалық қызмет көрсету және арсеналдың оқ-дәрілерін жөндеу цехін аралап шықты.

Онда ол аталмыш әскери нысанды әрі қарай пайдалану, оның ішінде, олардың қызмет ету мерзімін ұлғайту мақсатында оқ-дәрілердің ресурсын қалпына келтіру мәселелері бойынша қолбасшылыққа бірқатар тапсырмалар берді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"