ҚР Қорғаныс министрі Ақтаудағы алғашқы әскери пирсті ашты

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің орналасуы үшін пирстің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Корабльдердің жеке орналасу пунктінің болуы Каспий теңізінің қазақстандық секторында ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, жеткізіп беруді уақтылы ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге, корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуын жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пирс бірден оннан аса корабльдің тұрақтау мүмкіншілігімен Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында орналасқан.

 «Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық армияның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайын жақсарту мақсатында стратегиялық тұрғыда маңызды нысандар пайдалануға беріліп, әскери қалашықтар мен гарнизондардың әлеуметтік инфрақұрылымы жетілдірілуде. Жеткілікті инфрақұрылымы бар жеке пирстің құрылуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін техникалық әзірлікте ұстау, қойылған тапсырмаларды шешу кезінде қысқа мерзімде олардың жауынгерлік қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру үшін аса маңызды жағдай болып табылады», - деп ҚР Қорғаныс министрі атап өтті.

Одан басқа, Ақтау гарнизонына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі батыс бағытында әскерлердің өзіндік жеткілікті топтамасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық құралдарға арналған сақтау орындарын қамтитын батыс бағытындағы Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасының құрылыс барысымен егжей-тегжейлі танысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"