Әуе шабуылына қарсы қорғанысты үйлестіру жолдарын талқылады

24 тамызда Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері бойынша Үйлестіру комитетінің 45-ші отырысы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

«Бүгінгі таңда ӘШҚҚ біріккен жүйесі достастықтың қорғаныс жүйесімен шынайы әрекет ететін әскери ынтымақтастық аясындағы кіріктірілген үдерістің анағұрлым маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. ӘШҚҚ ЖҚ басқару органдары және кезекші күштерімен жыл сайынғы өткізілетін оқу-жаттығулар мен командалық-штабтық жаттықтырулардың нәтижелері әуе кеңістігінде мемлекеттік шекараларды қорғау бойынша жүйенің тиімділігін растайды. 
 Соңғы жылдардың тарихи тәжірибесі таңдалған жолдың дұрыстығын тағы да дәлелдеп отыр. Бұл ретте ӘШҚҚ біріккен жүйесі әуе-ғарыштық кеңістіктен шығатын қауіп-қатерлерге барабар ден қою мақсатында әрі қарай жетілдірілуге мұқтаж екені айдан анық», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Заманауи қарулы жанжалдар тәжірибесі заманауи жағдайлар кезінде инфрақұрылымның ортақ қауіпсіздігі мен әскерлер топтамасын қолдану тиімділігі оларды әуе-ғарыштық шабуыл құралдарының соққыларынан берік қалқалау кезінде ғана қол жеткізілуі ықтимал екенін куәландырады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс үйлестіру комитеті отырысының күн тәртібі және онда қаралатын мәселелердің өзектілігі осымен туындап отыр. «Осы жылдың 15 маусымында біз әріптестерімізбен, қорғаныс министрлерімен әуе-ғарыштық қорғанысты құру, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың күш-жігері мен әскерлердің өзара іс-қимылын үйлестіру көзқарасының жүйесінен тұратын ТМД әуе-ғарыштық қорғанысының тұжырымдамасын бекіттік.
 Үйлестіру комитетіне аталған құжатты іске асыру жөніндегі тапсырма жүктелген. Ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын, ұйымдық құрылым мен басқару жүйесін жетілдіруді жалғастыру маңызды», - деп Қазақстанның қорғаныс ведомство басшысы атап өтті. ӘШҚҚ біріккен жүйесін жетілдіру бағыттарын іс жүзінде іске асыру оның мүмкіндіктерін арттырып, қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа сапалы деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру комитетінің атынан ҚР Қорғаныс министріне А. Суворовтың «Жеңіске жету ғылымы» («Наука побеждать») кітабы табысталды.  Анықтама ретінде: 1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесін құру туралы жаңа редакциядағы келісімге  қол қойылды (бастапқы келісімге 1992 жылғы 6 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылды). ӘШҚҚ ЖҚ мынадай тапсырмаларды шешу үшін құрылған: - әуе кеңістігінде қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету; - қатысушы мемлекеттердің әуе кеңістігін қолдану тәртібін бірлесіп бақылауды жүзеге асыру; - әуе-ғарыштық жағдай туралы қатысушы мемлекеттерді хабардар ету, зымыран және әуе шабуылы туралы ескерту; - әуе-ғарыштық шабуылды тойтару жөнінде ӘШҚҚ әскерлері қатысушы мемлекеттерінің келісілген іс-қимылдарын жүргізу.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесіне келісілген жоспар бойынша әрекет ететін және көрсетілген тапсырмаларды орындайтын қатысушы мемлекеттер әуе шабуылына қарсы қорғанысының күштері мен құралдары кіреді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"