ҚР ҚМ Бас әскери-клиникалық госпиталі жаңа бағытта дамуда

ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери медицина саласының сапасы артып, жаңа деңгейге көтерілді. Медициналық салаға арналған жоғары білікті кадрлардың дайындығы, әскери-медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жетілдірілуі және әскери қызметшілерге көрсетілетін ем-домның жоғары көрсеткіші осының айқын дәлелі болып табылады. Одан басқа, жақында ғана әскери-медициналық қызмет ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери-клиникалық госпитальдің құрылған күнінің 16 жылдығын атап өтті.

Әскери дәрігерлердің беталысы жаман емес.  Олар ең соңғы заманауи үлгідегі техникамен жұмыс жасап жатыр. Госпиталь жоғары стандарттарға сай келетін медициналық құрылғымен жабдықталған. Құрылған күннен бастап госпиталь  әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. «Госпитальдің ішінде соңғы үлгідегі заманауи аппаратурамен жабдықталған физиотерапия және емдеу дене шынықтыру бөлімшесі бар.  Емдеуіміздің ең басты артықшылығы уытты емес, ешқандай аллергия туғызбайды және тез сауығып кетуге ықпал етеді», - деді физиотерапия және емдеу дене шынықтыру бөлімшесінің бастығы Гүлзира Оңалбаева. Бүгінде госпитальдің әскери дәрігерлері – ол жоғары санатты өз ісінің жоғары білікті мамандары, ғылым кандидаттары, шебер сыныптар өткізеді, сондай-ақ медициналық оқу орындарында дәріс береді.   Ай сайын олар медициналық қамтамасыз ету жүйесін және әскери медицина саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша халықаралық конгресстерге қатысып тұрады.  «Мұнда шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу өткізіледі және олар баяндама, конференциялар және талқылау түрінде өтеді. Біз халықаралық деңгейге сай болуға тырысамыз. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Бұл әскери қызметшілердің жыл сайынғы тереңдетілген медициналық тексеруден өтуімен байланысты», - деді кардиология бөлімшесінің бастығы Анар Әлжанова.   «Госпитальдің зертхана бөлімшесі еуропалық ұйымдар өткізетін халықаралық бақылау сапасына қатысып тұрады. Олардың баға беруі мен талдауы бойынша сапа сертификаты беріледі», - деп түсіндірді зертхана бөлімшесінің бастығы медициналық қызметінің майоры Талғат Ғабасов. Бас әскери-клиникалық госпиталі барлық әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсететінін айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"