ҚР ҚК ұшқыштары арнайы аспап көмегімен түнде ұшып жаттықты

Астана маңындағы 19132 әскери бөлімінің базасында қазақстандық Әскери-әуе күштері армиялық авиацияның ұшқыштары түнгі көру аспаптарын қолдана отырып, түнгі оқу-жаттықтыру ұшуларын өткізуде.

Ми-17-В-5 тікұшағының экипажы түнгі көру аспаптарының американдық кешенін қолдана отырып, оқу-жаттықтыру ұшуларын орындайды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі.

Ұшқыштар жарықтандырылған ұшу жолағы бойынша бірнеше жоспарлы ұшулар мен қонуларды және белгіленбеген алаңқайға қонуды орындады. Орташа биіктіктерде пилотаждау техникасын пысықтады, түнгі жағдайларда тікұшақты қолданудың жауынгерлік мүмкіндіктерінің машығын жетілдірді. Қазақстанның армиялық авиациясы орташа есеппен алғанда жойғышқа қарағанда үнемі көбірек ұшады. Күрделі метеожағдайлар мен жеткіліксіз көрінушілік болғанда ұшу өте күрделі.  Оқу-жаттықтығу барысында міндетті элементтері арасында ANVIS AN/ABS-6 авиациялық көзілдіріктерін қолдана отырып, американдық түнгі көру жүйесін қолдану да бар.

«Бұл көзәйнектер арнайы тікұшақты басқару үшін әзірленген. Ұшуды, қонуды және жеке құрамды дайындаудың күрделі элементтерінің бірі. Ол авиациялық қару-жарақты жауынгерлік қолдануды қоса есептегенде, өзге де операцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қорғаныс дулығасының бір ғана нүктесіне бекітілген түнгі көру көзілдіріктері  басқару органдарын және кабинадан тыс әуе кеңістігін перифериялық тұрғыда машинамен басқаруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тікұшақтарды түнде қолдану мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді», - деп Ми-17 тікұшағы экипажының командирі майор Әлібек Оршабеков атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"