ҚР ҚК полигонында жаңа Ми-35М тікұшағының жауынгерлік ұшулары іске асырылды

Қазақстан Қарулы Күштерінің «Мөңке» полигонында ҚР ӘӘК авиациялық базасында жаңа әскери Ми-35М тікұшағының экипажы алғашқы жауынгерлік ұшуларын орындады.

Жауырда ғана қазақстандық Әскери-әуе күштерінің қару-жарақ қатарына Ми-35М тікұшақтары әкелінген болатын. Ұшқыштар ұшу техникалары бойынша қайта оқып, негізгі мақсат бойынша толық ұшуға кірісті. Осы мақсатта өткізілген жауынгерлік ұшулар сәтті орындалды.

Танкке қарсы «Штурм» басқарылатын зымыраны, С-8 түріндегі басқарылмайтын зымыранын жіберу, сондай-ақ алмалы-салмалы ГШ-23Л жылжымалы зеңбірек қондырғысынан атыс жүргізілген болатын. «Ми-35 бірнеше ерекшеліктері бар, жаңа нысаналаушы құрылым және авиациялық зеңбірек. Барлығы штаттық тұрғыда өтіп, барлық нысаналар алынды, сынақ бойынша тікұшақ жақсы жағынан көрінді», - деп авиациялық база командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Сағындықов атап өтті.

 Ми-35М көпмақсатты соққы беруші тікұшағы Ми-24В тікұшағының тереңдетіп жаңартылған түрі болып саналады. Тәулік бойы әскери іске жарату үшін ол қазіргі заманғы жылу беруші және телевизиялық арналары, лазерлік алысты өлшеуші құрылғысы және пеленгаторымен қоса навигациялық кешенмен және түрлі түсті дисплейлі көп қызметті электронды индикациямен жабдықталған.

Тікұшақ жоғары ұшу-техникалық сипаттамасы бар, жоғары температурада және биік таулы жағдайларда тиімді қолданылуы мүмкін. Аталған Ми-35М жай және күрделі ауа райы кезінде тәулік бойы басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты әскери іске асыруды, сондай-ақ күндіз 10-25 метр биіктікте және түнде 50 метрге дейінгі биіктікте ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қабілетті. Әскери машинаның тағы да бір жетістігі оның жетілдірілген құрылымы тікұшақтың дыбысын төмендетуге, әскери өміршеңдігіне мүмкіндік береді, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуде қиындық келтірмейді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"