ҚР ҚК-нің санитар-эпидемиологтары аса қауіпті инфекция ошақтарын оқшаулау бойынша оқу-жаттығу өткізуде

Алғаш рет «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында «Аса қауіпті инфекция ошақтарын оқшаулау» тақырыбында ҚР ҚК санитарлық-эпидемиологиялық орталығының арнайы оқу-жаттығуы басталды.

Өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты далалық машықты жетілдіру, биологиялық қорғаудың жекелеген мәселелерінде әртүрлі әскер түрлері бөлімшелерінің өзара іс-қимылы мәселелерін пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында өзара іс-қимыл және жұмысты ұйымдастыру, аса қауіпті инфекция ошақтарын айқындау мәселелерінде практикалық дағдыны пысықтау, медициналық көмек көрсету, жаралыларды көшіру, әскерлердің орналасуы ауданында санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу жөнінде жеке құрамның практикалық жаттығулары өткізілетін болады.

 ҚР ҚК санитарлық-эпидемиологиялық орталығының мамандары оқу-жаттығу өткізілу кезеңінде лагерьді өрістетеді. Онда далалық машықтың дағдылары, биологиялық қорғаудың жекелеген мәселелерінде әртүрлі әскер түрлері бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталатын болады. Оқу-жаттығуға барлығы 150-дей әскери қызметші қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"