ҚР ҚК-нің бітімгершілері босқындармен жұмыс жасау әдістерімен танысты

«Мызғымас бауырластық – 2016» ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерімен өткен бірлескен оқу-жаттығуда бітімгершілер іс жүзінде мобильді бақылау-өткізу пунктінде қызмет өткеру барысында бөлімшелердің іс-қимылдарын пысықтады.

Бітімгершілік операцияны жүргізу кезінде мұндай жылжымалы өткізу пункттері жағдайдың бақылауды қажет ететін жоғары қауіп аудандарында өрістетіледі.   Осындай іс-шараларды өткізу кезінде әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтап қана қоймай, сонымен бірге, өздерін әдепті әрі биязы ұстауы тиіс.
Бұл ретте олардың әрқайсысы жақсы психолог болып, қойылатын сұрақтарға реакциясын бақылап, азаматтардың мінез-құлқының өзгеруіне назар аударуы тиіс.  Сол уақытта бітімгершілер бітімгершілік практиканың тағы бір эпизоды – жаяу жүріс тәртібінде жергілікті жерде патрульдеуді жүргізуді пысықтады. 
Тәжірибелі нұсқаушылар жеке құрамға бақылау-өткізу пунктінде қызмет атқару барысында лектер мен жүктерді алып жүру, маңызды нысанды күзету бойынша тапсырмаларды орындау, жаяу жүріс тәртібінде жергілікті жерде патрульдеуді жүргізу, елді мекенді қоршау және тексеру, сондай-ақ, азаматтар мен көлік құралдарын тексеру кезіндегі бөлімшелердің іс-қимылдарын паш етті.  Одан басқа, қазақстандық бітімгершілер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан келген әріптестерімен бірге  Қызыл Крест халықаралық комитеті өкілдерінің патронажымен босқындармен (алмастырылған тұлғалармен) жұмыс жасау үлгілері және әдістерімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер қызметкерлерімен ұйымдастырылған оқу орнында адамдар мен көлік құралдарын тексеру тәртібімен танысты.
Мұндай тактикалық-саптық сабақтар ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілері арасында тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ, аталмыш сабақтар олардың бөлімшелері арасындағы іс-қимылдардың үйлесімділігі мен өзара түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Практикалық сабақтардан кейін полигонда «Мызғымас бауырластық – 2016» ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері бірлескен оқу-жаттығуының қатысушылары үшін Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениеті күні қтті. Іс-шара барысында әскери қызметшілер Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан келген өз әріптестерін концертпен, конкурстар және ойын-сауық бағдарламаларымен бір қуантып тастады. Сонымен қатар, ұлттық тағамнан, яғни, бесбармақ, қымыз, шұбат, қуырдақ және бауырсақтан дәм татқызды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"