ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері соғыс ардагерлеріне көмектесті

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлығын арттыруға үлгеріп қана қоймай, сонымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қамқорлық пен ықыласқа мұқтаж адамдарлың барлығына арнап қайырымдылық іс-шаралар өткізуде.

Астана қаласының қарттар үйінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында 68665 әскери бөлімінің 70-тен аса әскери қызметшісі ардагерлер мен қарияларға көмек көрсетті.  Осы бөлімнің офицерлері мен сержанттары әжейлер мен аталарға ұдайы барып, хал-жағдайларын сұрастырып тұрады. Оларға шаруашылық бойынша қолғабыс етеді, бау-бақшаның жерін қазып береді, аумақтарын тазалайды, күркелер мен орындықтарды жөндейді.  «Ардагерлерге қолұшын соза алатынымызға қуаныштымыз. Мінеки, екінші жыл қатар біз келіп, көмек көрсетіп жатырмыз. Олармен әңгіме-дүкен құрамыз, концерттер өткіземіз, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз.  Біз Отанымыздың қорғаушыларын, олардың батырлығын әсте ұмытпаймыз және мәңгі жадымызда сақтаймыз. Мұның барлығы бізге патриотизм сабақтарын, дәстүр сабақтастығын береді. Қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанында болу біз үшін үлкен құрмет», - деді 68665 әскери бөлімінің взвод командирі аға лейтенант Диас Ахметов. «Жас жігіттер бізге үнемі келіп тұрады және шаруашылық жұмыстарға көмектеседі, қызмет туралы хикаяларымен бөліседі. Ерлік сабақтары мен концерттер өткізеді. Бозбалалардың Отанға адал қызмет етіп, бізді ұмытпайтындары көз қуантады», - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Олег Линник. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қайырымдылық іс-шараларын ұдайы негізде өткізіп тұратынын айта кетейік. Балалар үйі мен қарттар үйін, ҰОС ардагерлерін қамқорлыққа алады. Жан жылуы мен қамқорлыққа зәру жандарға көмектеседі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"