ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері жоғары биіктіктен парашютпен секіруді пысықтауда

Бүгін «Первомайский» әуеайлағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 53975 ә/б Парашюттік даярлық орталығының базасында арнайы бөлімше мен десанттық-шабуылдау бригадасы жеке құрамының оқу-жаттықтыру жиыны өтуде.

Жиынға 53975 әскери бөлімі, Аэроұтқыр әскерлері мен арнайы бөлімшелердің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің әскери қызметшілері тартылды.  Парашютшілердің оқу-жаттықтыру жиыны арнайы дайындық, сондай-ақ, олардың дағдылары мен біліктілігін арттыру бойынша нұсқаушы парашютшілерді даярлау бойынша өткізіледі. 

Жиын барысында  парашюттік жүйелердің ашылуын кідірте отырып, жоғары биіктіктерден секіру және белгіленген ауданға қонуға топ құрамындағы секіру орындалады.  Жеке құрам «Мальва – аксиома» парашютімен секірулерді орындайды. Бұл 7 секциялық күмбез жерге дәл қонуға секірулерді орындау үшін арналған. Бұл парашютшілерге жақсы танымал «Мальва» күмбезінің жетілдірілген версиясы.  Оның ерекшелігі онымен жоғары биіктіктерден, яғни, 3 мың метрге дейін секірулер орындалады және оның жерге қонудың жоғарлатылған дәлдігі бар.  «Жиын бағдарламасы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес толық дерлік орындалады.

Жиын парашюттік оқиғалардың болуына әкеп соқтыратын алғышарттарсыз және жарақатсыз жақсы ұйымдастырылған деңгейде өтіп жатыр. Жиын қатысушылары машықты жете меңгеріп, еркін құлау дайындығынан өтті», - деді ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының бастығы  подполковник Леонид Дудкин. Жиын 2016 жылғы қыркүйектің 5-і мен 24-і аралығында Парашюттік даярлық орталығының базасында өтетінін айта кетейік. Орталықтың жеке құрамы ірі жарыстарда барша Орта-Азиялық өңірдің намысын қорғай отырып, қазіргі уақытта халықаралық аренада сый-құрметке және жоғары беделге ие болып отыр.

Құрылған сәттен бастап 20 жыл ішінде команда спортшылары халықаралық жарыстарда 350 медаль жеңіп алды. Оның 83-і алтын. Команда парашюттік спорттың әр түрінде бірнеше рет Азия мен Океанияның чемпионы атанды. Бапкерлер ұжымымен халықаралық дәрежедегі 18 спорт шебері дайындалды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"