ҚР ҚК-нің әскери полиция қызметкерлері марапатталды

ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауында Қазақстанның намысын қорғаған жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Кинолог әскери қызметшілер аға лейтенант Кәрім Ыбыраевқа, майор Бейбіт Жақсыбаевқа, капитан Бауыржан Мұқышевқа, сондай-ақ, Армия ойындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты болған офицерлерге Әскери полициясы бас басқармасы бастығының атынан бағалық сыйлықтар – атаулы сағаттар табыс етілді. 
 
Әскери полицияның гарнизондық бөлімшелерінде кинологиялық бөлімшелерге ит күркеге, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған кинологиялық қызметтің тұрмыстық қызметінде қажетті тоңазытқыштар табысталды. Одан басқа, 4 әскери қызметшіге әскери полиция органдарының дербестендірілген белгісі берілді.  «Әскери полицияның кинологиялық орталығын құру қажеттілігі туындайды. Қызметтік иттерді сапалы іріктеу, асырап-бағу, кинолог мамандарды дайындау және қайта дайындаудың жаңа әдістемелерін енгізу және зерделеу, қызметтік іздестіру иттерін үйрету бойынша қажырлы жұмысты жалғастыруды қажет етеді. 

Сондай-ақ, келесі Армия ойындарына дайындық та маңызды болып отыр. Онда командамыз жеңіс тұғырынан көрінуді әрі қарай жалғастырып, жеңімпаздар қатарында болып, Қазақстанымыздың туын көкке желбірететініне  сенімдімін. Мұндай оң оқиғалар әскери полиция органдарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында болып жатқаны аса маңызды» - деді құттықтау сөзінде Әскери полициясы бас басқармасының бастығы  генерал-майор Тимур Дәндібаев.

Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде «Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғаған әскери полиция органдары кинолог мамандарының командасы Қытай, Ресей, Белоруссия қарулы күштерінің 5 командасы мен Ресей Федерациясының ААФКЕҚ командасы арасынла 2-ші жалпы командалық орынды жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейік. Одан басқа, дог-биатлон (эстафета) конкурсы кезеңдерінің бірінде капитан Бауыржан Мұқышев 4 бәсекеге түскен командалардан оза шауып, атыс шебінде жақсы нәтиже мен оқ ату дәлдігін паш етіп, 1-орынды еншіледі. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"