ҚР ҚК-де взвод сержанттарының біліктілігін арттыру курсы аяқталды

Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының базасында взвод сержанттарының біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды. Курсқа әртүрлі әскер тектері мен түрлерден, өңірлік қолбасшылықтардан ҚР Қарулы Күштерінің сержанттары тартылды.

Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына сәйкес сержанттар тактикалық, оқ ату, дене даярлығы, әскери топография және т.б. оқыту пәндері бойынша білім алды.

Биылғы жылдан бастап бағдарламаға алғаш рет қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен көшбасшылық секілді ҚР Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы үшін қажет жаңа пәндер енгізілді. Өткізілген курстың қорытындысы бойынша оқу жағынан бірқатар әскери қызметші жақсы жағынан атап өтілді. Тактикалық дайындық бойынша кіші сержант К. Кенжеғұлов, атыс даярлығы бойынша аға сержант М. Әбделдинов, сержант А. Жүзеев, дене дайындығы тұрғысында 3-сыныпты сержант  М. Ысқақов.

 Барлық пәндер бойынша аталмыш курсты «үздік» деген бағаға аяқтаған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі аға сержант  Қ. Қойшыбаев ең жақсы нәтиже көрсетті.   Курс «2016 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар (старшиналар) құрамының біліктілігін көтеруді ұйымдастыру туралы» 2016 жылғы 19 қаңтардағы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығы негізінде өткенін айта кетейік. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"