ҚР ҚК байланыс әскерінің кешенді дайындығы қорытындыланды

ҚР Қарулы Күштерінің байланыс әскерінің Бас басқармасы бастығының жетекшілігімен байланыс жөніндегі кешенді жаттығудың аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44793 әскери бөлімінде басталған тактикалы-арнайы жаттығу қорытындыланды.  

Байланысшылардың жаттығуы түрлі тактикалық жағдайда басқарма мен құрылымның жауынгерлік ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында әскери бөлім жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, маршты жүзеге асырды. Бұған қоса, байланыстың далалық жүйесі іске қосылып, байланыстың ұтқыр тораптарынан жедел топтардың байланысы қамтамасыз етілді. Байланыстың стационарлық тораптарының байланыс жүйесі күшейтіліп, өзара қимыл байланысы да орнатылды. Мәселен, запастағы командалық пунктің байланыс батальонының жеке құрамы белгіленген уақытта анықталған ауданда байланыстың «Айбын-1» далалық торабын құрды. Взвод сержанты кіші сержант Т.Адамбаевтың басқаруымен Р-454 Ф таратқыш орталығының дистанциялық басқармасы да құрылды. Взвод сержанты аға сержант Д.Аймұхамбетов Р-409 МЦ радиорелелік станция көлігінде каналдарды сапалы іріктеуді байланыстың стационарлық желісінде қамтамасыз етті. Нәтижесінде аға маман ефрейтор Б.Мұқажанова телеграфтық хабарламаларды игеру жөнінде кәсіби біліктілігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, командалық-пунктік байланыс батальонының командирі майор Рауан Қызылбаев, экспедитор аға сержант Шолпан Маханова, телеграфист Шынар Темірханова, радиотелеграфист Динара Жашимова, радиорелелік станцияның маманы 3-ші сынып сержанты Қайрат Мақсұтов, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасар майор Айдос Мұқышев, аппарат бастығы прапорщик Сергей Тетерин де жақсы жағынан көрінді. 

   Айта кетейік, кешенді жаттығуға ҚР ҚК Бас штабтың, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс», ҚР ҚК Әуе қорғанысының Күштерінің, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің байланыс бөлімдері мен құрылымдары да қатысты. Байланыс мамандары телеграф, телефон, радио, сондай-ақ, жаңа технология – космостық байланыс стансасын қолданып, жүктелген міндетті сапалы және белгіленген уақытта орындады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков