ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев тағайындалды

Өткен бейсенбіде еліміздің Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ҚР ҚК Бас штабының жаңа бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевті таныстырды.

Бұдан бұрын генерал-лейтенант Мұрат Майкеев  ҚР ҚК Құрлық әскерлерін басқарды. Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі мен М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияның түлегі болып табылады. Қызметті мотоатқыш полкі мотоатқыш взводының командирі болып бастаған.

Батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, ҚР Республикалық ұлан полкінің командирі, командирдің орынбасары, мотоатқыш дивизиясының командирі, Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, лауазымдарынан өтті.

3-дәрежелі «Отанға қызмет»,  2-дәрежелі «Айбын» ордендерімен және медальдармен марапатталған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"