ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әуе базасында оқу-әдістемелік сабақ көрсетілді

Қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің Кеңесі  жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі Үйлестіру комитетінің өкілдері Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы 50185 әскери бөліміне барды.

Үйлестіру комитеті делегациясының өкілдері үшін авиациялық базада шартты бұзушыны ұстап алу және орналасу әуеайлағында оны мәжбүрлеп қондыру бойынша оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді. «Қарағанды жерінде Нүркен Әбдіров атындағы әйгілі авиациялық базада іс жүзіндегі таныстыру көрсетілімі өтуде.Біздің назарымызға техникалық-пайдалану бөлімінің ұжақжайы ұсынылды. Оның технологиялық қызметі, ұшқыштың биіктік керек-жарағының жұмысын айтып берді.

Сондай-ақ,  өзінің сипаттамасы бойынша бірегей болып табылатын МиГ-31 экипажының кешенді тренажерымен кеңінен таныстыру жүргізілді», - деп ТМД қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесі Хатшылығы бөлімінің бастығы полковник Олег Пивень атап өтті.

Практикалық сабақтардың көрсетілімі аяқталғаннан кейін делегация өкілдері жауынгерлік даңқтың бұрышы әскери бөлімнің құрылуымен танысып, оның даңқты жауынгерлік дәстүрлері және батырларымен етене  танысу үшін тарихи экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, құрметті келушілер кітабында алғыс пікірлерін білдірді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"