ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне 23 жыл толды

2-сәуір - Қазақстанның Әскери теңіз күштерінің тарихы бастау алған күн. 1993 жылдың дәл осы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Әскери-теңіз күштері жиырма үш жылын артқа салды.

Құрылған сол бір жылдарына көз жіберсек, құрлық әскерлері мен әуе қорғаныс күштері бұған дейін де қалыптасқан Орталық Азиялық әскери округының базасында құрылса, Әскери-теңіз күштері Кеңес Одағы тұсында Қазақстанда болмаған еді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың бәрі басынан басталды. Алдымен Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жанында арнайы бөлімше ашылды, кейіннен Ақтауда әскери-теңіз базасы жасақталды. 1999 жылдың шілде айында әскери-теңіз базасы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Теңіз бөлімдерінің құрамына кіргенмен, кейін бірақ, 2003 жылдың 7-мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шаралар туралы» №1085 Жарлығына сәйкес Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты.

Құрылу, қалыптасу кезінде Әскери-теңіз күштерінде біраз істің басы қайырылды. Жалпы әскери-теңіз күштерін қалыптастыру жоспарлы түрде бір уақытта және бірнеше бағытты қамти отырып  жүргізілді. Әуелгісін кадрлар даярлау мәселесі қолға алынды. Өйткені, кадр болмаса, флоттың да болмайтыны түсінікті. Қазіргі таңда кадрлар даярлау халықаралық келісімшарттар негізінде Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Пәкістан, АҚШ секілді мемлекеттердің әскери-теңіз күштері білім мекемелерінің базасында жүзеге асып жатыр. Онда да бұған дейін тек офицер мамандары  даярланса, қазіргі кезде жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтар да енгізілген, яғни офицерлер академиялық білім алып, біліктілігін жетілдіретін мүмкіндікке ие.

Екіншіден, әскери-теңіз күштерін дамытуда заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтану қолға алынды. Әрине, қарулану туралы айтқанда, алдымен ауызға ілігері –  әскери кеме жайында. Осы тұста Қазақстанның өзінің кеме құрылысын ұйымдастыру мақсатында отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері сараланып, нәтижесінде Оралдағы «Зенит» зауыты таңдап алынды. Себебі, Кеңес Одағында бұл зауыт әскери-теңіз бағытындағы өнімдерді шығарумен айналысқан еді. Онымен қоса, зауыттың Каспий теңізіне шығатын жолы бар Жайық теңізіне жақынырақ орналасуы да маңызды рөл ойнады. Зауыт қазірдің өзінде 17 түрлі кластағы кемелер мен катерлерді құрастырып, әскери-теңіз күштеріне де беріп үлгерді. Осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш зымырандық-артиллериялық кемесі суға түсіріліп, аса маңызды үлкен оқиғасы болғаны есімізде. Олардың қатарына үстіміздегі жылы дайындалып жатқан жаңа кемелері де қосылмақ. Әскери-теңіз күштерін жаңғырту үшін әлі талай арнайы техникалар, оның ішінде теңіз катерлері мен әскери кемелері алына беретіні сөзсіз.

Бүгінде Әскери-теңіз күштері келбеті қалыптасқан. Көп нәрсе өзгеріп, көп іс атқарылды. 2014-2015 жылдары ҚР Қарулы Күштері түрлерінен Әскери-теңіз күштерінің бірінші орын алуы – соңын басты көрсеткіші деп білеміз. Жауынгерлік дайындықтың деңгейі көтерілді. Алғашқы қалыптастыру жылдарында әскери теңізшілер теңізде жылына 10-20 тәулік болса, қазір олар 150-160 тәулік болады. Кадрларды дайындау деңгейі жоғарылады. Оқыту бағыты ұлғайды. Егер бұрын тек, Ресей федерациясына әскери мамандар даярланса, қазір, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдерінде теңіз мамандары білімдерін жетілдіріп жатыр. Былтыр су үсті кемелері экипажы мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий-2015» халықаралық байқауында біздің теңіз экипажы екінші орыннан көрінді. Бұл да әскери теңізшілердің жеткен бір жетістігі. Талай белесті артқа тастап, толайым жетістіктерге жетіп жүрген әскери теңізшілеріміз келешекте де жарқын істерден көріне беретініне сеніміз мол.

Айта кетейік. Әскери-теңіз күштерінің негізгі міндеттері – Каспии теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау. агрессордың шапқыншылығына лайықты тойтарыс беру, қарулы қақтығыстарды оқшаулау және алдын алуға атсалысу, порттық аймақты, мұнай табу нысандары орналастырылған жасанды аралдар және платформаларды қоса алғанда сулы аудандарды қорғау және күзету, суасты-диверсияға қарсы қорғаныс жүргізу, құрлықтағы әскерлердің қимылын теңізден қамтамасыз ету, теңіз десантын түсіруге жағдай жасау, әскерлер мен материалдық құралдарды тасымалдау, теңіз миналарын орналастыру және тағы басқалары.

Мерей Біләл


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"