ҚР ҚК Әскери полициясы Армия ойындарында қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етті

2 тамызда бастау алған «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонындағы «АРМИ-2016» халықаралық ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы органдарының қызметкерлері өздеріне қойылған тапсырманы ойдағыдай орындады.

Аталған әскери ойындарға әлемнің 12 мемлекетінен келген әскери қызметкерлер қатысып, бақ сынасты. Дүбірлі дода Ресей мемлекетінде бастау алып, биылғы жылы Қарулы Күшетердің әлеуеті мен зор мүмкіндігін көрсетер іс-шараға Қазақстан да қосылды. Елдің елдігін көрсетер маңызды іс-шара барысында қалашықтағы және гарнизондағы әскери қатаң тәртіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қорғаныс министрінің бұйрығымен әдеттегідей әскери полиция қызметкерлеріне жүктелді. Бұл заңды да, себебі, сонау 1997 жылы заман талабына сай құрылған әскери полиция органдарынсыз Қарулы Күштерде бірдебір іс-шара өткізілмейтіндігі бәрімізге белгілі. Оның үстіне шет мемлекеттерден келген қонақтардың қауіпсіздігімен қоса, сайыстың ашылу салтанатына келген азаматтардың қауіпсіздігі және бар. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бұйрығымен 180 адамнан тұратын құрама жасақ құрылып, құрамына еліміздің түкпір-түкпірінен келген әскери қызметшілер енгізілді. Құрама жасаққа басшылық жасау  әскери полиция бас басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полковник
Қ.Теңгебаевқа тапсырылды. Әскери полиция қызметкерлері қалашық аумағында тәулік бойына патруль жасау, келген қонақтарды алып жүру, қонақтардың орналасқан жерін күзету және түрлі тәртіпбұзушылықтарға жол бермеу, гарнизон және полигон аумағында бақылап-өткізу режимін қамтамасыз ету сияқты тапсырмаларды орындады.

Сондай-ақ, сайыс әділқазыларының амандығы, азаматтық тұлғалардың атыс алаңына  шығып кетпеуі де әскери полиция қызметкерлеріне жүктелген. Бұл өз кезегінде оқыс жағдайларға, әділқазыларға байланысты қаңқу сөздерге жол бергізбеді. Сондай-ақ, қажеттілік туындаған жағдайда анықтау және іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Берілген тапсырмаларды орындау Гврдейск гарнизонының басшылығымен және жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен тығыз байланыста жүзеге асырылды. Лаңкестікке жол бермеу мақсатында арнайы алдырылған  қызметтік иттерімен кинолог мамандар да өз қызметтерін ойдағыдай атқарды. Бұл ретте әскери полиция қызметкерлері тарапынан қандай да бір асығыстық оқыс әрекеттерге жол берілмеді, қалашық аумағы, оқу-жаттығу алаңы сектор-секторларға бөлініп, тиісті жауапты лауазымдық тұлғалардың жіті қадағалауында болды. Шетелдік делегацияларды ілеспелелеп алып жүру әскери автомобильдік полиция қызметкерлеріне жүктеліп, әр мемлекет өкілдеріне арнайы автокөліктер бекітілді. Әскери полиция қызметкерлері тек патруль жасап қоймай, жергілікті тұрғындарға да қолдарынан келген көмектерін көрсетті. Жарыс барысын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға келген шетелдік және отандық БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін де әскери полиция қызметкерлері айрықша назарда ұстады.

Әрине, Әскери полиция қызметкерлері алдына қойылған барлық тапсырмаларды абыроймен және асқан ыждаһатталықпен орындайтынына күмәніміз болған жоқ. Құрама жасақ қызметіне келген қонақтар мен Қорғаныс министрлігінің басшылығы тарапынан да жоғары баға берілді. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» - деп батыр Бауыржан атамыз айтпақшы өз тәртіптілігімізді көрсету, құқықбұзушылықтарға жол бермеу күн санап артып келе жатқан Қарулы Күштеріміздің имиджін одан ары арттырып, абыройын асқақтатыны сөзсіз және бұған үлесімізді қосу баршамызға ортақ міндет.

Жоғарғы жауынгерлік рух пен әскери қатаң тәртіптітің терезесін тең ұстаған әскери полиция қызметкерлеріне тек табыс тілейміз.

Подполковник Б.Сафаров,

 Әскери полиция құрама жасағы бастығының тәрбие

 және идеолгиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"