ҚР Қарулы Күштерінің курсанттары КТК ойындарына қатысты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында елордалық «Астана» концерт залында құрама әскери командалар арасында «Сарбаздар кубогы» кубогына «Жайдарман» КТК фестивалі өтті.

Күштік және құқық қорғау құрылымдарының барлық әскери ЖОО-лардың 8 командасы үздіктер атағы үшін бақ сынасты. Бәсеке тартысты болды. Әскери креативті және белсенді жас конкурсанттар көңілді тапқырлар әзіл-қалжыңға толы нөмірлер дайындады. Конкурсқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Мұхамеджан Таласов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Серік Сәпиев, ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрдің кеңесшісі, қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Берік Уәли, танымал қазақстандық сықақшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Көпен Әмірбек қатысты.

Бүгінде «Жайдарман» жастар үшін анағұрлым қызықты және біріктіретін ойын болып табылады. Республикалық КТК фестивалі әзіл-сықағының негізгі тақырыбы Отанға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікке өрби отырып, курсанттардың күнделікті әскери өмірі болды. Көңілді тапқырлар көрермендерге ең үздік әскери әзіл-қалжыңдарын тарту етті.

Бүгінде жастар үшін патриотизмді көтеру мемлекетіміздің ең басты тақырыбы болып табылады. Мен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 72 жылдығы секілді осындай мерейтойлық мереке қарсаңында «Жайдарман» керемет фестивалі өтіп жатқанына қуаныштымын, - деп ҚР Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл сөз сөйлеу барысында атап өтті және КТК байқауының барлық қатысушыларына үлкен шығармашылық табыс, жаңа бастамалар, берік команда болуларын және позитивтік әзіл тіледі. ҚР ҚК Радиоэлектроника және байланыс Әскери институтының командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының командасы еншіледі. Үшінші орын Қостанай қаласының ІІМ академиясының командасына бұйырды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"