ҚР Қарулы Күштерінде сержанттармен оқу-әдістемелік жиындар өтуде

Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусының 180-нен аса түлегі әрі қарай қызмет өткеру үшін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін толықтыруда.

Сержанттар ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлеріне, «Оңтүстік», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарына, сондай-ақ, 30212 әскери бөліміне келді.
Жиынның мақсаты жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізу мен әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігінің күн сайынғы іс-шараларын өткізу, тапсырылған жұмыс учаскесіне жас сержанттардың жауапкершілік сезімін дамыту және арттыру, әскери тәртіпті ұстап тұру, әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас кезінде бағыныстыларды дайындау және басқару үшін қажетті дағды мен әдістемеге оқытып-үйрету болып табылады. 
  
Жиын барысында жас сержанттармен әуе-десанттық және әскери-инженерлік даярлық, артиллериялық зеңбірек командирлерін, теңіз жаяу әскерлері мен басқаларды дайындау жөнінде сабақтар өткізеді. Командалық құрамдағы сержанттар лауазымына жаңадан тағайындалған әскери қызметшілерге «Тәлімгерлік» әдісі қолданылады. Бұл өзара сенімділік пен құрмет негізіндегі кәсіби деңгейді, көшбасшылық және жеке қасиеттерді дамытуға ықпал ететін еркін түрдегі міндеттеме.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"