ҚР Қарулы Күштерінде капитан Қайрат Құдабаевты еске алды

Бүгін ҚР Қарулы Күштерінде Ирак Республикасында бітімгершілік миссияны орындай отырып, бейбіт уақытта қаза болған қазақстандық армияның бірден-бір офицері капитан Қайрат Құдабаевты еске алуда.

Капитан Қайрат Құдабаев Қарулы Күштердегі қызметі барысында өзінің батылдығын, жауапкершілігі мен ерлігін көрсетті. Мыңдаған бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өзінің қаруластарын ажал аузынан аман алып қалып, батыл ерлік жасады. 2005 жылдың 9 қаңтарында Ирактағы бейбітшілік миссияны орындау кезінде Қазақстан өзінің батыры, ҚР Қарулы Күштерінің сардары Қайрат Құдабаевтан айырылды. «2004 жылы біз Қайратпен бітімгершілік миссияны орындау үшін Иракқа жолдандық. Қазақстаннан 8 әскери қызметші болдық және Украинадан 35-тей әскери қызметші болды. Ол жерде біз жерді тазарту және миналар мен оқ-дәрілерді жоюмен айналыстық. Миссия өте күрделі болды, тыныштық қашқан алмағайып кезең болды. Қайрат ұйымдасқан, сауатты офицер болды. Қаруластарына үнемі қолұшын созуға дайын тұратын. Ол ағылшын тілін білетін, жасақ командирімен шетелдіктермен өтетін брифингтер мен кеңестерге қатысатын. 2005 жылғы 9 қаңтарда біз жерді оқ-дәрілерден тазарту үшін кезекті учаскеге бардық. Операция кезінде жарылыс орын алды. Капитан Қайрат Құдабаев бізді жарылыс ошағынан итеріп жіберіп, құтқарып қалды. Ерлікпен қаза тапты. 2016 жылдың 19 сәуірінде ол 41 жасқа толар еді. Қайраттың ерлігін біз ешқашан ұмытпаймыз», - деді капитан Қайрат Құдабаевтың қызметтесі, 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары ұлан майоры Асқар Смағұлов. Әскери және қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен капитан Қайрат Құдабаев қайтыс болғаннан кейін бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен және Польша, Украина, АҚШ Қарулы Күштерінің көптеген өзге де наградаларымен марапатталды. Бүгін Алматы мен Қапшағайда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері естелік шаралар өткізді. Әскери қызметшілер 32363 әскери бөлімінде орналасқан Қайрат Құдабаевтың мүсініне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ бөлім аумағында қаза болған офицерді еске алу бұрышын ашты. ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылық етуімен Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында Қайрат Құдабаевты еске алу күні өтті. Онда «Бітімгершілер» фильмі көрсетіліп, опат болған офицерге арналған концерт өткізілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"