ҚР Қарулы Күштерінде жалпыәскери және артиллериялық бригадалардың командирлерімен жиын өтуде

Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2017 жылға арналған даярлық жоспарына сәйкес жалпыәскери және артиллериялық бригадалардың командирлерімен, командирлердің жауынгерлік дарялық жөніндегі орынбасарлары және Құрлық әскерлерінің жалпыәскери (артиллериялық) бригадаларының артиллерия бастықтарымен жиын өтуде.

Әскери басқару органдары мен әскерлердің даярлығын жетілдіру, оқытудың озық әдістерін тарату бойынша негізгі іс-шара бола отырып, жиын негізгі мақсаттар кешенін қамтиды. Ол әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты пысықтау, жалпыәскери бригадалар командалық құрамының кәсіби деңгейін арттыру, әскери өнер саласында олардың білімін, дене және атыс даярлығының деңгейін тексеру.

Жиын сабақтарының мақсаты мен тақырыбы әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметінің өткізілген нәтижелері, сондай-ақ, Орта-Азиялық өңір мен жалпы әлемдегі әскери-саяси жағдайдың соңғы өзгерістері ескеріле отырып айқындалды. Жалпы алғанда, жиынға қатысуға төрт өңірлік қолбасшылықтың Зымыран әскерлері мен артиллерия және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері, яки, 70-ге жуық офицер тартылды. Бүгінгі күні үйренушілермен дене және атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізілді.

Жиынның әрі қарайғы күндері оларды жылжымалы басқару пунктінде автоматтандырылған жұмыс орындарын жабдықтау және жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру, арнайы әскери іс-қимылдарды дайындау және жүргізу бойынша практикалық сабақтар күтіп тұр. Сабақтарда жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру мен арнайы операцияларды өткізу кезінде олардың жан-жақты қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, іс жүзінде қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау, мерзімді әскери қызметшілердің бос уақыты мен демалыс күнін ұйымдастыру тәртібіне дейін күнделікті тыныс-тіршілікті ұйымдастыру мәселелері пысықталады. Жиын соңында әрбір командирге кешенді емтихан тапсыруға тура келеді. Аталмыш сынаққа негізгі пәндер бойынша барлық зерделенген тақырыптар кіреді. Жақсы нәтижелер көрсетіп, ерекше көзге түскен командирлер қорытынды жасалған кезде марапатталатын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"