ҚР Қарулы Күштерінде Алтын жебе-2020 арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру жалғасуда.

ФОТО Атырау гарнизонының жеке құрамы жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді.

"Алтын жебе-2020" арнайы операциялар күштерін кешенді тексеру шеңберінде әскери қызметшілер марш лақтырып, қоян-қолтық ұрысқа шықты. Армиялық тактикалық оқ атулар өткізіліп, күндізгі және түнгі уақытта артиллерия атысын түзету және армиялық авиацияны бағыттау жөніндегі міндеттерді орындады. Сондай-ақ, олар әскери топография, диверсиялық іс, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, медициналық дайындық бойынша арнайы нормативтерді тапсырды.


Сонымен қатар, Семей гарнизонында арнайы бөлімшелерді тексеру аяқталды. Түнгі уақытта 300-ден астам әскери қызметші дабыл бойынша көтерілді. Олар жауынгерлік мақсаттағы аймаққа он шақырымдық шеру жасады. Онда күштер мен құралдарды қолдануды ұйымдастыру мәселелері пысықталып, арнайы оқу-жауынгерлік міндеттер орындалды. Әскерлердің әрекеттерін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиотехникалық құралдар басқарды.
Өңірлердегі тексерудің негізгі кезеңдері Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың жеке бақылауында.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Как определить местонахождение и расстояние до объекта

Как определить местонахождение и расстояние до объекта