ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «World of Tanks» ойынының финалына қатысты

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «World of Tanks» жаппай көпшілік ойнайтын ойын бойынша гранд-финал өтті.

Іс-шараға 10 мыңға жуық адам, оның ішінде, танымал онлайн ойынның 2 маусымының қорытындысы бойынша Орта Азияның үздік киберспортшылары қатысты. Патриоттық тәрбие беру мүддесінде компьютерлік ойындарды дәріптеу күнделікті өмірде көпшілік жастардың компьютерлік ойындарды ойнауымен туындаған. Патриоттық тәрбие беру мен Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерделеуде пайдаланған жөн ойындардың ішінде ТМД кеңістігінде әйгілі әзірлеуші Wargaming компаниясымен құрылған «World of Tanks» ойыны болып табылады. Қазіргі уақытта онлайн ойынға бүкіл әлемдегі 110 млн. аса ойыншы тіркелген.

Ұсынылып отырған техника ХХ ғасырдың басы мен ортасында шынайы болған жауынгерлік машиналардың көшірмесі болып келеді. Аталған жобаның маңыздылығы әзірлеушілер Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерделеуде пайдалануға болатын ойын контентінің (тарихи фильмдер, мұрағаттық материалдар, әскери-тарихи мақалалар мен өзге де материалдар) анағұрлым көп санын құрған.

«Компьютерлік бағдарламалар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық XXI ғасырда оларды қажетті, ең бастысы, дұрыс бағытта қолданған жөн. Оның ішінде, менің ойымша, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін қажет. Бүгін іс-шара шеңберінде біз қару-жарақ пен әскери техника көрмесін, финалға қатысушылар бұл объектілерді компьютердің экранында ғана емес, тірідей көрулері үшін автоматты жинап-шашу бойынша сайыс өткіздік. Нәтижесінде Отанымызды қорғаудың маңыздылығын сезіне білді», - деді Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Сондай-ақ, іс-шара аясында әскери қызметшілер қатысушылар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қару-жарақ пен әскери техника көрмесін, «Сарбаз ботқасы» акциясын ұйымдастырды. Онда әрбір қалаған адам әскерде берілетін нағыз тамақтың дәмін татып көруге мүмкіндік алды. Гранд-финал қарсаңында Армия үйінде «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мүддесінде заманауи технологиялық коммуникацияларды, яғни, компьютерлік ойындарды пайдалану» тақырыбында «Wargaming.net» компаниясының өкілдері сабақтар өткізді. Оған әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттар, Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, Алматы гарнизонының тәрбие құрылымдарының офицерлері қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"