ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

2016 жылдың 9 желтоқсанында кешенді тактикалық-саптық сабақтарды өткізу шеңберінде ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

Оқу дабылының белгісі бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, еліміздің Қарулы Күштерінің бүкіл әскер түрлері мен тектерінің барлық жеке құрамы көтерілді. Өткізілетін сабақтардың басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауда басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында Бас штаб стационарлық пункттен жылжымалы басқару пунктіне әскерлерді басқаруды тарату мәселелерін пысықтады. Сонымен бірге, Қарулы Күштер түрлерінің әрбір түрі жауынгерлік даярлықтың жекелеген тапсырмаларын пысықтады. Құрлық әскерлерінде бөлімшелердің роталық лектердің құрылу аудандарына шығуы жүзеге асырылды, жылжымалы басқару пункттері өрістетілді, аумақтық қорғаныс құралымдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

 Әуе қорғанысы күштерінде стационарлық және жылжымалы басқару пункттерін өрістету өткізілді, аймақтық қағидат бойынша әуеайлақтардың күзетілуі күшейтілді, барлық авиациялық техникада қозғалтқыштардың іске қосылуы жүзеге асырылды. Әскери-теңіз күштерінде радиожаттықтырулардың іс-қимылдары пысықталды, корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуы жүзеге асырылды. 2 желтоқсан күні Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталғанын естеріңізге сала кетейік. Ол бойынша 2017 оқу жылында әскерлердің жауынгерлік даярлығы жетілдірілетін негізгі бағыттар белгіленді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"