ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шымкент гарнизонының әскери нысандарын аралап қайтты

Қазақстан Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшелері Комитет төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Қарулы Күштерінің Шымкент гарнизонына барды.

Жұмыс сапары барысында сенаторлар Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков, Ләззат Киинов пен Георгий Ким Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы және ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мәселелерін зерделеді.  

Олар  жарақтандыруда Су-25, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-17, Ми-171Ш және Ми-35М тікұшақтары тұрған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және авиациялық базаның әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуымен, сондай-ақ, жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігі және тұрмысымен танысты.  Парламентарии Әуе қорғанысы күштерінің Шекара қызметі және әуе қозғалысы органдарымен өзара іс-қимыл қалай ұйымдастырылғанын бағалады.  Радиотехникалық және зениттік зымыран есептоптары мен әскери авиацияның экипаждары жауынгерлік мүмкіншіліктерін паш етті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"