ҚР ӘТК-нің корабльдеріне арналған техник мамандардың дайындығы басталды

Ақтауда ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің кіші мамандарын даярлау орталығының базасында корабльді лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін корабльді қызмет негіздерін зерделеу мен әскери қызметшілерді дайындау үшін кіші корабльді мамандармен жиындар басталды.

Кіші корабльді мамандар – ол штурмандық және зымыран-артиллериялық жауынгерлік бөлімдердің техниктері, мина-торпедалық және жауынгерлік байланыс бөлімдерінің техниктері, электр-механикалық жауынгерлік бөлімінің техник-мотористі (электригі).
Бұдан кейін барлық мамандар ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдерінде әрі қарай қызмет атқару үшін бөлінетін болады. Жиындардан келісімшарт бойынша 28 жаңадан шақырылған әскери қызметші өтуде. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің кіші мамандарын даярлау орталығы бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан-лейтенант Бағдат Әлиевтің айтуынша, аталмыш жиындар жаңадан келген әскери қызметшілер үшін өте маңызды. Себебі, корабль ол күрделі инженерлік құрылыс болып келеді. Сабақтар үш ай, атап айтқанда, 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін өтеді.
Одан басқа, әскери қызметшілермен қайықты, сүңгуірлік, оқ ату даярлығы, су және өртпен күресудегі корабльдің өміршеңдігі бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Экипаждар құрамында корабльді қару-жарақты, нақты навигациялық жабдықты, байланыс құралдарын, өзге де жүйелер мен тетіктерді меңгереді. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"