ҚР әскерлері «Мектепке жол» акциясына қатысты

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арналған дәстүрлі Жолдауында: «Көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көрсетуге шақырамын» деп, бүкіл қазақстандықтарды жанашырлыққа, жомарттыққа, ізгілікке бет бұруға үндеген болатын. Осы орайда, еліміздің түкпір-түкпірінде әлеуметтік жағдайлары төмен отбасындағы оқушыларға арналған республикалық «Мектепке жол» акциясы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Тамыз айында басталған бұл іс-шара бүгінгі таңда да жалғасын табуда.

Бұл акцияның мақсаты – жетім балаларға, сондай-ақ көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу екені баршамызға аян. Оқушыларды мектепке дайындаудың да кейбір отбасы үшін қиындық туғызатыны жасырын емес.

Осы орайда Отар ауылдық әкімшілігінде әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылардың тізімі анықталып,   21742 әскери бөліміне 3 оқушы бөлініп, мектепке қажетті материялдық көмектер көрсетілді. Бөлім ұжымы әрбір баланың қатарынан қалмай, мектепке күлімдеп, гүл-гүл жайнап баруына мұрындық бола білгенін айта кеткеніміз абзал. Мәселен 6 «А» сынып оқушысы Кенжеғали Арман, 2 «А» сынып оқушысы Анапчук  Айдана мектепке қажетті құралдар мен киім-кешек табыс етілді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Гвардейский гарнизонының 21742 әскери  бөлімінің командирі полковник Р.Мырзахметовқа, подполковник А.Әбдуқадыровқа, аға сержант Б.Чалданбаеваға,  аға сержант Б.Буралкиеваға  және бөлімнің жеке құрамына Отар ауылдық әкімшілігі, К.Әзірбаев атындағы мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан үлкен алғыстарын білдірді.

«Жеті жастағы балаға жасаған жақсылық жетпіс жыл ұмытылмайды» демекші, балаларға тарту жасаған мейірімді жандарға Алланың нұры жаусын дегіміз келеді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"