ҚР әскерилер тіл байқауына қатысты

Қазақстан халқы тілдері күні айлығының аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдері арасында байқау-конкурс өтті, деп хабарлайды sarbaz.kz.

Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың достығын нығайтуды, олардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дамытуды және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетуді мақсат тұтқан сайысқа 28738, 36803, 30217, 54770, 32388, 44793 әскери бөлімдерінің командалары қатысты. Тіл мерекесіне келген ел-жұртпен амандасып, команданың атауын, ұранын және таңбасын түсіндірді. Отан, жер, ел және туған тіл тақырыбында мақал мен мәтел айтудан да бақтарын сынады. Байқау барысында 36803 әскери бөлімінің «Береке» командасы татар халқының, 28738 әскери бөлімінің «Бірлік» командасы өзбек халқының, 44793 әскери бөлімінің «Ынтымақ» командасы кәріс халқының, 32388 әскери бөлімінің «Қырандар» командасы ұйғыр халқының, 30217 әскери бөлімінің «Туған тілім» командасы қазақ халқының, 54770 әскери бөлімінің командасы орыс халқының салт-дәстүрін таныстыруда ерекшеленді.

Салт-дәстүрін көрсетті

Бірнеше сағатқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды 28738 әскери бөлімінің «Бірлік» командасы ұтып алды. Жетекшісі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің (мемлекеттік-құқықтық дайындық және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі) аға офицері капитан М.Смақова. Келесі орын 30217 әскери бөлімінің «Туған тілім» командасына бұйырды. Команданы бастап келген тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы А.Қалмақбаева. Соңғысын 54770 әскери бөлімінің «Достық» командасы мәсе тұтты. Команданың жетекшісі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы С.Смайыл. Жеңімпаздардың барлығына құрмет қағазы мен сыйлықтар табыс етілді. 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"