Қойылған тапсырма жоғары деңгейде орындалды

Маңғыстау облысында «Батыс-2018» ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

«Оймаша» полигонында оқу-жаттығудың шешуші кезеңі барысында әскерлердің біріккен топтамасы шөл далада шартты қарсыласты қоршап, алға қарай ілгерілеуін тоқтатып, шабуылға көшу арқылы жойып жіберді. Стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ағымдағы жылғы қыркүйектің 17-і мен 27-і аралығында өтті. Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес заңсыз қарулы құралымдар жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында еліміздің батыс өңірінде өзінің қызметін өрістетті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жетекшілік етуімен 5 мыңнан аса адамды құрайтын әскерлердің біріккен топтамасы құрылды. Ол үшін Астана, Семей, Аягөз, Қапшағай, Алматы, Тараз, Ақтөбе және Атыраудан бірнеше мыңдаған шақырымға құрамдастырылған тәсілмен құрамалар мен әскери бөлімдердің ауқымды қайта топтасуы жүргізілді.

Әскери полиция коменданттық қызметті ұйымдастырды, ал өңірдегі айрықша маңызды нысандарды Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс бригадасы қарауылдады. Оқу-жаттығу барысында авиация ұшуларының қарқындылығы едәуір ұлғайды және 60-тан аса тікұшақтың ұшуы мен күндізгі және түнгі жағдайларда 70-ке жуық ұшақтың ұшуын құрады. Әскери-теңіз күштері мен Шекара қызметінің катерлері мен корабльдері теңізден әскерлердің біріккен топтамасына, әуеден Әскери-әуе күштерінің майдандық ұшақтары мен армиялық авиация тікұшақтары қолдау көрсетті. Оқу-жаттығудың арнайы тапсырмаларын Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері орындады. Шешуші кезеңде қолбасшымен жасақталған бригадалық тактикалық топ қорғаныс позицияларына орнығып, елдің ішіне қарай заңсыз қарулы құралымдардың алға қарай ілгерілеуін қоршап алды. Ал содан кейін авиацияның, артиллерия мен жалпыәскери бөлімшелердің атысымен шабуыл жасауға көше отырып, шартты қарсыласты жойып жіберді. Қорғаныс министрлігі басшылығының алдын ала баға беруі бойынша оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді. Әскерлер шөл дала жағдайында батыс өңірінде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу тәжірибесін жинақтап, жоғары жауынгерлік машықты паш етті, қойылған тапсырмаларды орындады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"