Қоян-қолтық ұрыстан чемпионат

   2018 оқу жылына бекітілген шаралардың жоспар-күнтізбесіне сәйкес,       «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.

   Әскери қызметшілер арасында армиялық спортты насихаттауды және құрама команданы іріктеуді мақсат еткен жарысқа 44 әскери қызметші қатысты. Бөлім командирінің ауыспалы кубогын сарапқа салған чемпионаттың қорытындысы бойынша 60 келі салмақта лейтенант Д.Кесікбаев, ефрейтор Е.Оспанбаев, қатардағы К.Насимолдин жеңіске жетті. Ефрейтор Ж.Төребеков, ефрейтор С.Қабыкешев, ефрейтор С.Ыдырышов 65 келі салмақта жүлделі орындарды иеленді. 70 келі салмақта қатардағы Д.Қабыкен, кіші сержант Р.Көшкенбаев, ефрейтор М.Балсеитов ерекшеленді. 75 келі салмақта қатардағы Е.Жүнісов, қатардағы Е.Бижанов, ефрейтор Д.Түндеханов озық шықты. Лейтенант Б.Қарлыбаев пен ефрейтор О.Нұрсилаев 80 келі салмақта топты жарды. Ал, 85 келі салмақта ефрейтор Ш.Хаймулдинов пен ефрейтор А.Шаймарданов жеңімпаз атанды. Жалпыкомандалық есеп бойынша алғашқы үштікке ілінген роталар да марапатталды. Қазылар алқасы әскерилердің спорттық-техникалық дайындығы мен жеңіске деген ерік-жігерін жоғары бағалады.

Алуа ИСКАКОВА

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"