Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Талдықорған гарнизонын тексерді

2016 жылдың 12 сәуірінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің басшылық етуімен Талдықорған гарнизонының бөлімдерінде тексеріс басталды.

Екі күн бойы қорғаныс ведомствосы басшысының жетекшілік етуімен жауынгерлік даярлық жоспарын орындау жөнінде жүйелі жұмыс енгізілген әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің іргелі негіздері тексерілді. Бұл жолы бұған жіті назар аударылғанын ерекше атап өткен жөн. Себебі, жүйелі жұмыстың мақсаты әскерлердің ұдайы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету, жеке құрамға талап етілетін әскери-кәсіби даярлықтың, сондай-ақ әскердің арналуына сәйкес үйлесімділігі мен жауынгерлік және өзге де тапсырмаларды орындау деңгейіне қол жеткізе отырып, бір қалыпта ұстап тұру және жетілдіру болып табылады. «Қарапайымнан – күрделіге» қағидаты жауынгерлік даярлықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әскерлердің тәжірибесінде оны іске асыру құрылымдық, ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыда үш өлшемшарт бойынша жүзеге асырылуы тиіс», - деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша 18404 әскери бөлімінің командирі подполковник Ж.Ермұханов, Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А. Жұмакеев және басқа да лауазымды адамдар тыңдалды. Тексеру аяқталысымен әскерлердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру және әскери тәртіпті нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"